Аймақтар
1 мин оқу 2,230

Онды орта мектебіне Әбіш Кекілбайұлы есімі берілді

<p style="text-align:justify">Маңғыстау ауданы Онды ауылында жағымды жаңалық орын алды. Жаңа оқу жылында ауылдағы Онды орта мектебіне халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлының есімі берілді.&nbsp;</p>

Онды орта мектебіне Әбіш Кекілбайұлы есімі берілді

Осылайша жаңа оқу жылын 270 оқу­шы­мен бастаған оқу орны ерекше қуанышқа бөленді. Бұл мектеп аудандағы мектептер қа­тарында білім жағынан болса да, тәрбиелік іс-шаралар бағытынан болса да алдыңғы орында.

Өткен оқу жылынан бас­тап мектепте «Әбіш оқулары» аудан­дық жастар байқауы және «Әбіш әлемі» атты жас ақындар мүшәйрасы ұйымдастыры­лып келеді. Мектептің жабдық­талуы замана талабына сай негіздел­ген. Мектепте «Тұңғыш Прези­дент» кабинеті, «Әбіш Кекілбаев кітапханасы» сияқты орталықтар жұмыс жасайды.

Бұл мектептің сыртқы және ішкі көрінісі Ұлыбритания мек­теп­терінің құрылысы жүйе­сіне ұқсатылып жасалған. Мек­теп­тегі білім беру жүйесі де сапалы дең­гейде. Өткен жылы үш оқушы, биығы жылы бес оқушы «Алтын белгі» иегері атанды. Жастар­дың оқуға құштарлығы да ерекше. Мектеп кітапханасында «Әбіш шығармалары» бұрышы жасақ­талған. Әбіш Кекілбаевтың үш тілде жазылған кітаптары мектеп төрінен орын алды.

«Біздің мектептің оқушы­лары­ның бір артықшылығы, кез келген оқушыдан Әбіш ата­мыз­дың кез келген шығар­масын оқып бер десе, бәрі де тоқ­тамастан айтып береді. Сон­дай-ақ мектептегі әр кабинетте Әбіш атаның шығармалары мен еңбектері туралы мәліметтер топтастырылған. Келер жылы Әбіш атамыздың 80 жылдығына да көптеген іс-шарлар жоспарлап отырмыз. Соның бірі – Әбіш атаның еңселі ескерткішін қою. Бұл ескерткіш Әбішке ғана емес әдебиетке қойылған ескерткіш болады деп ойлаймын», дейді мектеп басшысы Мыңберген Қаратауов.

Аллаберген ҚОНАРБАЕВ,

Маңғыстау облысы,

Маңғыстау ауданы

Бөлісу:
Онды орта мектебіне Әбіш Кекілбайұлы есімі берілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар