Әлем
1 мин оқу 494

Көшпенділер ойыны: Көкпаршылар – жартылай финалда

Көшпенділер ойыны: Көкпаршылар – жартылай финалда

Дүниежүлік көшпенділер ойындарының аясында өтіп жатқан сайыстарда Қазақстанның көкбөрі командасы АҚШ-тың құрама командасын 20:9 ұпай есебімен жеңіп, жартылай финалға шықты.

Мұның алдында қазақстандықтар Краноярск командасын айқын басымдықпен жеңген. Көкпаршыларымыз кезекті ойынды Өзбекстанның ұлттық құрамасымен өткізеді. Қырғызстандықтар мәскеуліктермен күш сынасады.

Жартылай финалға төрт елдің – Қазақстанның, Қырғызстанның, Өзбекстанның және Мәскеу облысының командалары жолдама алған болатын.

Назарбек Байжігітов,

Қырғыз Республикасы,

Шолпаната қаласы

Бөлісу:
Көшпенділер ойыны: Көкпаршылар – жартылай финалда · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар