Білім
1 мин оқу 404

Алматылық мұғалімдер арасында біліктілікті шыңдау сайысы өтеді

<p style="text-align:justify">&laquo;Педагогикалық идеялар панорамасы&raquo; республикалық байқауының қалалық кезеңіне қатысуға өтініш білдірген алматылық мұғалімдер байқауға қызу дайындық үстінде. Маусым айында басталған конкурстың қалалық кезеңі жұмысын қорытындылап, өз жеңімпаздарын әйгілейтін кез де жақын.</p>

Алматылық мұғалімдер арасында біліктілікті шыңдау сайысы өтеді

 Ұстаздар дайындықтарын шаңдау мақсатында  «Өрлеу» БАҰО» АҚ Алматы қаласы бойынша филиалында әдістемелік кеңестер алуда. Байқауға қатысушылар № 173 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімдері  Гүлнұр Әсембаева мен Айна Әбілқасымқызы бейне-сабақтар мен дәрістерді дайындауда біраз ізденістерге баруға тура келгендігін айтады. Қазіргі кезде ұстаздар  озық тәжірибелерімен бөлісу үшін ашық сабақтар, біліктілігін арттыру курстарына, семинарларға қатысып, жан-жақты ізденісте. Байқауға ұсынатын бейне-сабақтарды дайындауда тақырыптың мазмұны, маңызы мен қатар көрсетілімнің сапасы да әділқазылардың сынына түседі.

Байқау қатысушылары үшін қазіргі кезде «Өрлеудің» YouTube желісіндегі таңдаулы бейне-сабақтарымен қатар ұстаздардың біліктілігін арттыруға байланысты ақпараттары  жеткілікті.

Байқау қатысушылары қажырлы еңбек, іс-тәжірибелерінің нәтижесі әділ бағаланады деген үмітте.   Мұндай байқаулар бәсекелестік ортамен қатар, ұстаздарға біліктілігін арттыруға жасалған мол мүмкіндік.

Эльвира Серікқызы,

«Егемен қазақстан»

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Алматылық мұғалімдер арасында біліктілікті шыңдау сайысы өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар