Бокс
1 мин оқу 410

Головкин өз есімі жазылған жаңа өнімді таныстырды

<p style="text-align:justify">Геннадий Головкин жақын арада&nbsp;сатылымға GGG брендімен жаңа өнім шығарады. Бұл туралы ол өзінің Инстаграм парақшасында жазды.</p>

Головкин өз есімі жазылған жаңа өнімді таныстырды

«#GGG-дің жаңа өнімі дайын және таяу уақытта сатылымға түседі», - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Jordan бренді Nike компаниясымен бірлесіп, мексикалық боксшы Сауль Альвареспен рематчы алдында Геннадийдің есімі жазылған жаңа атрибутиканы шығарған болатын. Олар: «GGG» және «GGG No Draw» («Тең ойын болмайды») жазуларымен алдында сырмасы бар жемпір, бейсболка және екі ақ жейде.

Головкин мен «Канелоның» екінші айқасы алдағы 15 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді. Айқасты отандық екі телеарна тікелей эфирден көрсетеді.

Бөлісу:
Головкин өз есімі жазылған жаңа өнімді таныстырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар