Медицина
3 мин оқу 422

Сұраныс жоғары

<p style="text-align: justify;">Қазағы қалың оңтүстік өңірдің өзбегі, орысы да, басқасы да мем&shy;лекет&shy;тік тілді түсінеді, біледі десек, қате&shy;лес&shy;песпіз. Соңғы жылдары облыстық дең&shy;гей&shy;дегі ресми жиындардың барлығы дерлік қазақ тілінде өтетіні сондықтан да болар. Өңір тұрғындары тіл білгеннің пайдасы мол екеніне, &laquo;қазақ тілі елдерді біріктіретініне&raquo; көз жеткізуде.&nbsp;</p>

Сұраныс жоғары

Облыста 20 этномәдени бірлестік жанынан құрылған 11 жексенбілік мектепте 1377 этнос өкілі өз ана тіл­дерін оқып-үйренуде. Яғни өңір тұрғындары «Қазақстанда ешкімді де қазақ тілін білуге тиіссің деп мәжбүрлемейтіндігін, әр ұлт өзінің тілін, мәдениет, салт-дәстүрін дамытуға барлық мүмкіндігі бар екен­ді­гін» айтқан Елбасының «мемлекет­тік тіл қазақ тілін адамдардың басым бөлігі түсінген жағдайда ол бірігудің, жақындасудың белгісі болар еді» деген сөзін де жадынан шығарған емес.

Мемлекеттік тіл мемлекеттік қыз­метте жұмыс бабында тұрақты қол­да­нылатын тілге, басшының сөйлеу тіліне айналуы керек. Жуырда көпші­ліктің осындай қалауы мен талабы үдесінен шығу мақсаттарының бірі болған «Мемлекеттік тіл – мемлекет­тік қызметте» тақырыбында облыс­тық тіл байқауы өтті. Мемлекеттік қыз­мет­шілер арасында. Шымкенттегі «Отырар» кітапханасында тілдер мере­кесіне орайластырылған бай­­қау­ды Қазақстан Президенті жанын­­дағы мемлекеттік басқару акаде­мия­­сының Шымкент филиалы мен қалалық тілдерді оқыту әдістемелік орталығы ұйымдастырды. Басты мақ­саты – мемлекеттік тілдің мәрте­бесі мен маңызын кеңінен насихаттау, қызметкерлердің қазақ тілін мең­герудегі сауаттылығын арттыру болып табылатын байқауда аудандардан келген мемлекеттік қызмет­ші­лер бақ сынады. Олар қазақтың ұлт­тық құндылықтарын білу деңгейі, тіл байлығы, жазу грамматикасы, тапқыр­лығы және түрлі ұлттық нақыштағы сахналық қойылымдар бойынша 4 кезеңнен тұратын сайысқа түсті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқаудың биылғы ерекшелігі – арнайы даярлық курсынан өткен жас мамандар, жас мемлекеттік қызметшілердің қатысуы. Екі апталық курсқа келген олардың терминді, ресми іс-қағаздар стилінде дұрыс жазу деңгейін жетілдіру де көзделген. Об­лыс­тық байқауда төрелік еткен білікті тіл мамандарының шешімі бойынша жеңімпаз деп танылғандарға арнайы сый-сияпаттар табыс етілді. 

Ересектер ғана емес, 5 жасқа дейін­гі, әлі мектеп табалдырығын аттап үл­гер­меген балалар да байқауға қатысып, үйренгені, санаға сіңірген тәлім-тәрбиесі бойынша бақ сынады. Иә, біз облыстық әзіл-сықақ театрында өткен «Бала шақтан болашаққа – ана тілімен» атты балалар арасындағы байқау туралы айтып отырмыз. Байқау шарты бойынша балалар бірінші айналымда мәнді де мағыналы мақал-мәтелдерді жатқа айтып, екінші айналымда бойындағы өнерлерін көрсетті. «Мақал-мәтелдер даналыққа бастайды» және «Өнерліге өріс кең» атты екі аталым бойынша сайысқа түскен қатысушылардың білімділігі мен тапқырлығы және белсенділігі, киім үлгісіне, шығарманың күрделілі­гі мен көркемділігіне басты назар ­аударылды.

Елбасы «Болашаққа бағдар: ру­хани жаңғыру» бағдарламалық мақа­ла­сында ұлттық салт-дәстүр­леріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиеті­міз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айт­қанда, ұлттық рухымыз бойымыз­да мәңгі қалуға тиіс екенін атап өтті. Иә, біз жоғарыда мысал ретінде айтып өткен байқаулар өңірде тілді да­мы­ту, мәдениетті өркендету мақ­сатын­да атқарылып жатқан істердің бірі ғана. Бағдарламалық мақала аясын­да облыстық мәдениет және тіл­дерді дамыту басқармасына қарас­ты 35 облыстық мәдениет және өнер ұйымдары арнайы жоба бекітіп, тиісті жұмыс атқаруда. Сондай-ақ Қазақ­стан Республикасында тілдерді дамы­ту мен қолданудың 2011-2020 жыл­дарға арналған мемлекеттік бағдар­лама­сын іске асыру мақсатында облыс әкім­дігінің қаулысымен атал­ған бағ­дар­ламаның орындалуына бағыт­талған іс-шаралар жоспарлары бекітіліп, кезең-кезеңімен іске асырылуда. 

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Түркістан облысы

Бөлісу:
Сұраныс жоғары · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар