Өнер
1 мин оқу 1,080

Домбыра тартатын қырғыз қыздары

<p style="text-align: justify;">Көшпенділер ойындарының мәдени іс-шаралары өтіп жатқан Қыршын жайлауындағы этноқалашықтың &laquo;Ыстықкөл облысының ордасында&raquo; қырғыздың ұлттық киімдерін киіп, шаштарын салалап өріп алған оқушы қыздарды суретке түсіргелі жандарына барғанымда, менің қазақ газетінен екенімді білген соң, олар жарысып: &laquo;Бәйке (аға дегендері), біз домбыра тартқанды білеміз!&raquo;, деп жаныма үйіріле қалысты.&nbsp;</p>

Домбыра тартатын қырғыз қыздары

Өзін Жазгүл Бұлалова деп таныстырған қарындас: «Біз, осы Ыстықкөл облысы Ақсу ауданының Керегеташ ауылындағы Жумағұл Алыш­­паев атындағы орта мектептің оқу­шыларымыз. Мек­тебі­міздің 120 өнерпазынан құралған қо­мызшылар ан­самблі бар. Олардың отызы домбыра тартуды үй­рен­ген», деп мақтана сөй­ле­ді. Содан әңгімеге Аде­ли­на Шаршембаева деген оқушы араласып: «Біз «Адай», «Балбырауын» және «Келіншек» күйлерін шер­те­міз, «Еркем-ай» және басқа ән­дерді домбыраға қо­сылып ай­тамыз. Бізге домбыра тарту­ды музыкадан са­бақ беретін Ай­­ганыш Ма­мы­ралиева апайы­­­мыз үй­рет­ті»,  деді ол жы­миып.

Бауырлас халықтың балауса таланттарының ізгі ниетіне біз де ілтипатымызды білдірдік. 

Назарбек БАЙЖІГІТОВ,

арнайы «Егемен Қазақстан» үшін 

Қырғыз Республикасы, 

Шолпан-Ата қаласы

Бөлісу:
Домбыра тартатын қырғыз қыздары · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар