Аймақтар
1 мин оқу 482

Атырауда үй алуға мүмкіндік көп

<p style="text-align: justify;">Атырау облысының 2 мың тұрғынына арзан бағамен үй сатып алуға мүмкіндік бар. Облыс басшысы Нұрлан Ноғаев, &laquo;Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі&raquo; АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова және &laquo;Атырау&raquo; ӘКК басшысы Марат Түсіпқалиев ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.</p>

Атырауда үй алуға мүмкіндік көп

Келісімшартқа сәйкес 297 пәтерге арналған 4 нысанның құрылысы жүреді, ал тұрғын үйлер келер жылы пайдалануға берілмек. Өңір тұрғындарын бас­панамен қамту үшін  бұдан басқа да бірқатар меморандумдарға қол қойылды.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев­тың айтуынша, қазір аймақта 3 мың пәтерлі 44 көпқабатты үй салынып жатыр. Жыл соңына дейін 2 мың пәтерге арналған 34 көпқабатты үй пайдалануға беріледі. «7 – 20 – 25» мемлекеттік бағдарламасы басталғалы бері 59 өтінім қабылданып, 34-і бекі­тілген. «Нұрсая» ықшам ауда­нын­да «Жас Отау» тұрғын үй бағ­дар­ламасына сәйкес 100 пә­терлік тұрғын үй құрылысы бас­талады. Оған 29 жастан аспаған жас отбасылар қатыса алады. Пәтердің бір шаршы метрінің құны 179 мың теңгеден есептеледі.  «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша «Нұр­сая», «Береке» ықшам аудандарында 21 тұрғын үй салу жоспарланып отыр.

Құрылысқа қатысты тағы бір жаңалық – облыс орталығы маңында орналасқан Талғайраң ауылында 80 жекеменшік үй тұрғызылады. Ауданы 64-191 шаршы метр болатын үйдің бір шаршы метрінің құны 120 мың теңгеге бағаланған. Талғайраңда тұрғысы келетіндер жер учас­кесін алу үшін жергілікті әкім­дікте кезекте болулары керек деген шарт бар.

Жаңадан жасалған мемо­рандумдардың қай-қайсысы да баспаналы болуға ниеттілер үшін қолайлы. 

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ

Бөлісу:
Атырауда үй алуға мүмкіндік көп · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар