Әлем
1 мин оқу 430

Мұнай бағасы арзандайды

<p>Нью-Йорктің шикізат биржаларында мұнай бағасы төмендеді, деп хабарлайды Америка мұнай институты.</p>

Мұнай бағасы арзандайды

Америка мұнай  институты (API) мәліметінше, АҚШ-тың мұнай коммерциялық қоры өткен аптада 2,9 миллион баррелге дейін өскен, ал жанармай 949 мың баррелді құраған. S&P Global Platts аналитиктері мұнай қорының 2,2 миллион баррелге дейін төмендейтінін болжауда.

Сауда қорытындысына сүйенсек, Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың бағамы барреліне 0,12 долларға арзандап, 81,75 долларды құрады. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы жеңіл мұнайдың қараша айындағы бағамы бір баррелі 0,71 долларға арзандап, 71,57 доллар болды.

Бөлісу: