Өнер
1 мин оқу 470

Берлинде қазақстандық суретші әйелдер көрмесі ашылды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Рухани жаңғыру&raquo; бағдарламасы бойынша Берлиндегі &laquo;Бетаниян&raquo; суретшілер үйінде (Kunstquartier Bethanien) Қазақстан Ұлттық музейінің &laquo;Фокус Қазақстан&raquo; халықаралық жобасы аясында &laquo;Астық және раушан гүлдер: қазақстандық суретші әйелдердің төрт буыны&raquo; атты көрме ашылды. Экспозицияға танымал қазақстандық суретшілермен қатар жас өнер иелерінің де туындылары қойылған. Ұйымдастырушылар аталған көрме заманауи мәдениетімізді әлемге насихаттау бағытындағы кезекті шара екенін айтады.&nbsp;</p>

Берлинде қазақстандық суретші әйелдер көрмесі ашылды

Көрменің кураторы Дэвид Эллиоттың айтуынша, көрме орыс авангардынан басталады, алайда экспозиция сәндік-қолданбалы өнер экспонаты – текеметпен ашылады. «Суретшілердің қазіргі буыны бейнелеу өнеріндегі жоғалып бара жатқан халық дәстүрлерін қайта жандандыруға тырысты», дейді ол. 

«Астық және раушан гүлдер» экспо­зициясының басым бөлігі 1980-1990 жылдары қалыптасып, бүгінгі күндері де дамып келе жатқан өнерді жан-жақты қамтыған. Іс-шараға ұйытқы болушылар бұл бағытта Татьяна Глебова, Вера Ермолаева, Айша Ғалымбаева және Гүл­фа­йруз Ысмайылова сияқты алдыңғы буын суретшілердің үлкен еңбек сіңіргенін айтады. 

Экспозициядан орын алған еңбек­тер қатарында Сәуле Сүлейменова­ның цел­лофаннан жасалған туындылары бар. Соның бірі – 1930 жылдары Қа­зақ­­стан­да­ғы ұжымдастыру кезінде ел хал­қының үштен бірінің өмірін жал­маған нәубетті кезеңді бейнелейтін «Ашар­шылық» атты еңбегі. 

Көрменің тең жетекшісі Алмагүл Меңлібаева «Тоқамақ» және «Степное барокко» бейне инсталляцияларын ұсынды. Бақыт Бүбіқанованың «Жаңа жыл түні» туын­дысының өзегі – әйел. Суретші әйел­ді композицияның ортасына орналастырып, оның қоғамдағы рөлі мен орны туралы сауалды көлденең тартады. Әйелдің жалаңаш денесі – әлеуметтік рөлдерді мәжбүрлеп таңуға қарсылық іспетті. 

Сонымен қатар көрмеде Анар Әубәкір, Лидия Блинова, Ғания Шағатаева, Зоя Фалькова, Креол орталығы (Мария Виль­ковиская, Руфия Жендербекова), Ғайша Маданова, Әйгерім Мәжітқан, Алмагүл Меңлібаева, Гүлнұр Мырза­ғалықова, Гүлнұр Мұқажанова, Катя Никонорова, Сәуле Сүлейменова, Гүл­марал Тәтібаева, Елена Воробьева, Наталья Дю сынды суретшілердің туындылары қойылған. 

«Егемен-ақпарат»

Бөлісу:
Берлинде қазақстандық суретші әйелдер көрмесі ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар