Үкімет
2 мин оқу 867

Ғылыми жетістікті коммерцияландыру – табыс көзі

<p style="text-align:justify">Сенатта Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың &laquo;Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері&raquo; Жолдауында алға қойылған міндеттерді іске асыру аясында ғылым туралы заңнаманы іске асыру мен ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мәселелері талқыланды. Шараны Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті ұйымдастырды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.&nbsp;</p>

Ғылыми жетістікті коммерцияландыру – табыс көзі

Сенат комитетінің төрағасы Бірғаным Әйтімова ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру ғылыми қамтылған экономиканы қалыптастыруға, ғылыми зерттеулер нәтижелерін өндіріске енгізуге және иннова­циялық өнімдер өндіруге ықпал ететініне қатысушылардың наза­рын аударды. «Ғылыми нә­ти­­желерді коммерцияландыру, оларды экономикалық ай­­на­­­лымға тарту аса маңыз­ды мәселе. Біздің басты мақ­саты­мыз – ғылым және ғылыми-тех­ни­ка­лық қызмет нәтижелерін коммер­ция­ландырудың заң­намалық тұрғыда қарқынды дамуына барлық жағдайды жасау», деп атап өтті сенатор. 

Дөңгелек үстел отырысына Сенат депутаттары, мемлекеттік басқару органдарының, ғылыми-зерттеу институттарының, ғы­лы­ми ұйымдар мен жоға­ры оқу орындарының, «Нұр Отан» партиясының, «Атаме­кен» ұлт­тық кәсіпкерлер палатасы­ның басшылары мен өкілдері, ғалымдар мен жетекші мамандар қатысты.

Басқосуда ғылымды дамыту және оның нәтижелерін коммерцияландыру жөніндегі ауқымды мәселелер бойынша пікірсайыстар болды. 

Дөңгелек үстел қорытын­­­дысы бойынша Парла­мент Сенатының депутаты, академик Бақытжан Жұмағұлов сөз сөйледі.

Ол Қазақстанның ғылыми және ғылыми-инновациялық саласы бүгінгі күні ғана емес, сон­дай-ақ болашақта да маңы­зы зор құнды нәтиже­лерге қол жеткізетінін атап өтті. Атап айтқанда, ауыл шаруашы­лығында белсенді инновациялық үрдіс дамып келеді. «Байсерке-Агро» холдингі бүгінде жетек­ші кәсіпорындар қатары­нан орын алды, олар бірқатар бағыт­тар бойынша рекордтық көрсет­кіш­терге қол жеткізді. Аса ма­ңызды міндеттердің қата­рын­да ауыл шаруашылығы ғылымы мен бизнес арасындағы кедергілерді жою, мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыру, цифрлық технологияларды енгізу бар. 

Б.Жұмағұлов, сондай-ақ осы саладағы бірқатар мәселе­лерді атап өтті. Олардың бірі – бизнестің ғылымға және тех­нологиялық жетістіктерге жүйелі сұранысының жоқтығы.

Сенатор Елбасы Н.Назар­баевтың Жолдауында «нақты сек­тор­дың жаңа технология­ларға сұранысын ынталандыру» міндеті қойылғанын атап өтті. Оны шешу үшін бірқатар министрліктердің, Үкімет пен Парламенттің күш-жігерін бірік­­тіріп, заң шығару саласын­да ауқымды жұмыстарды жүзеге асыру қажет. Ойласқан тұжы­рымдамалар, заң жобалары жұмыстарын стратегиялық жос­парлау, олардың жүйелі және келісілген әрекеттері бірінші кезекке шығатын болады. 

Дөңгелек үстелдің қорытын­дысы бойынша нақты ұсыныстар жасалды. Сенаторлар Қаржы министрлігі Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып, ғылымды қаржыландыру­ды ішкі жалпы өнімнің 1про­центі деңгейіне жеткізу, жыл сайын жас ғалымдар үшін ғылыми зерттеулерге гранттық қаржыландыруды қарастыру, Салық кодексіне өзгертулер енгізу арқылы ғылыми-зерттеу жұмыстарын қосылған құн салығынан босату жөнінде шаралар қабылдау қажет деп санайды. 

Білім және ғылым министр­лігіне ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға мемле­кеттік қолдауды ұлғайту, қолдан­балы ғылыми зерттеулердің ке­зең-кезеңімен ағылшын тілі­не көшуін жүзеге асыру бо­йынша шаралар қабылдау, қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгертулер енгізу арқылы қолданбалы зерттеулер мен жаңалықтар үшін жеке сектордан қосымша қаржыландыруды қамтамасыз ету тетігін әзірлеу және тағы басқа мүмкіндіктерді қарастыру ұсынылды. 

Дөңгелек үстел аясында «Ғылым-Бизнес-Өндіріс» көрмесі өткізілді.

Бөлісу: