Футбол
1 мин оқу 270

Жеңімпазға – 6 миллион еуро

<p style="text-align: justify;">Еуропалық футбол қауымдастықтары кеңесінің (УЕФА) басшылығы Ұлттар лигасына қатысып жатқан ұлттық құрамалардың жүлде қорын арттыру туралы шешім қабылдап, турнир жеңімпазына 10,5 миллион еуро сыйақы табыстайтын болды.&nbsp;</p>

Жеңімпазға – 6 миллион еуро

Сондай-ақ командаларға Ұлттар лигасына қатысқаны үшін де сыйақы беріледі. Мысалы, «А» лигасында сынға түсетін  құрамалар 2,25 миллион еуро, «В» лигасы – 1,5 миллион еуро, «С» лигасы – 1,125 миллион, «D» лигасы – 750 мың еуро. Әр лиганың жеңімпазы бонус ретінде екі есе табысқа кенеледі. 

Финалдық кезеңнің алғашқы төрт командасы да үстеме алады. Төртінші орын алған команда 2,5 миллион, үшінші – 3,5 миллион, финалға жеткен команда – 4,5 миллион, ал жеңімпаз құрама  6 миллион еуро алады.

Дайындаған Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»

Бөлісу:
Жеңімпазға – 6 миллион еуро · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар