Академия ғалымдарына Құрметті профессор атағы берілді
<p style="text-align:justify">Қырғызстанның Ош қаласында өтіп жатқан ІІ қазақ-қырғыз зиялылар форумында Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі мен академияның аға сарапшысы Қадыралы Қонқобаевқа Ош мемлекеттік университетінің Құрметті профессоры атағы берілді.</p>

Ош мемлекеттік университетінің ректоры Қаныбек Исаков Академия ғалымдарына Құрметті профессор атағы берілгендігі туралы университет ғылыми кеңесінің шешімін көпшіліктің алдында оқып берді.
Сонымен қатар TWESCO-ның бауырлас халықтардың ынтымақтастығы мен ғылыми интеграцияны тереңдетуге айрықша үлес қосып отырғанын атап өтті.

Сондай-ақ белгілі түрколог Қадыралы Қонқобаевты 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтады. Өз кезегінде TWESCO президентінің кеңесшісі Ержан Исақұлов мерейтой иесінің иығына Академия атынан шапан жауып, сый-сияпат жасады.