Футбол
1 мин оқу 321

Ян Вороговский: Басты мақсат үш ұпай

<p><em>Латвия &ndash; Қазақстан ойыны алдында Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский тілшілер сауалына жауап берді.</em></p>

Ян Вороговский: Басты мақсат үш ұпай

- Барлығы керемет қалыпта. Тек бізге топтағы нәтиже ғана ұнамайды. Біздің басты мақсатымыз топтан шығу. Сондықтан да біз ертеңгі ойында бар күшімізді салып, ел үшін намысқа тырысатын боламыз.

- Латвия құрамасы жайлы не айта аласыз?

- Мұндай жарыста осал қарсылас жоқ. Жанкүйерлер үшін жақсы ойын болады деп есептейміз. Басты мақсат осы матчтан үш ұпай еншілеу.

- «Қайрат» командасында жүріп биыл сәтсіз өнер көрсеттіңіздер? Осының барлығы ұлттық құрамадағы ойыныңызға әсер етпейді.  

- «Қайраттағы» сәтсіздіктерді ұмытып, енді Ұлттық құрамамен бірге ойнап жатырмыз. Сондықтан да, бұл басқа команда, мұнда басқа мақсаттар. Біз сол мақсаттарды іс жүзіне асыру үшін тер төгеміз.

Ермұхамед Мәулен

Бөлісу: