Еуроодақ мемлекеттерінің тұрмыс деңгейі нашарлаған
<p style="text-align:justify">Еуропа одағына мүше елдерде өмір сүретін 112,9 млн адам кедейліктің аз-ақ алдында тұр, деп хабарлайды Еуроодақтың <a href="https://ec.europa.eu/eurostat/documents/2995521/9310033/3-16102018-BP-EN.pdf/16a1ad62-3af6-439e-ab9b-3729edd7b775">«Еуростат»</a> статистикалық қызметі.</p>

2017 жылы Еуроодақ құрамындағы үш ел халқының үштен біріне кедейлену қаупі төніп тұрған. Олар: Болгария (38,9%), Румыния (35,7%) және Грекия (34,8%). Ал халқының әл-ауқаты жақсырақ елдердің ішінде Чехия көш бастаған. Оның жалпы халқының 12,2% ғана кедейлену қаупі бар. Кейінгі орындарға Финляндия (15,7%), Словакия (16,3%) және Нидерланды (17%) орналастырылған.
2008-2017 жылдар аралығында Еуропа одағының ондаған елінде кедейлік немесе әлеуметтік оқшаулану қатері төнген тұрғындардың үлес мөлшері арта түскен.
Халқының басым дені кедейлікте тұратын елдердің көшінде Грекия (2008 жылы 28,1% болса, 2017 жылы 34,8% жеткен) тұр. Кейінгі орындарда Италия (25,5%-дан 28,9%-ға дейін), Испания (23,8%-дан 26,6%-ға дейін), Нидерланды (14,9%-дан 17%-ға дейін), Кипр (23,3%-дан 25,2%-ға дейін) және Эстония (21,8%-дан 23,4%-ға дейін) келеді. Мұндай санаттағы адамдардың саны анағұрлым азайған елдер де атап өтілді. Олар: Польша (2008 жылы 30,5% болса, 2017 жылы 19,5% азайған), Румыния (44,2%-дан 35,7%-ға дейін), Латвия (34,2%-дан 28,2%-ға дейін) және Болгария (44,8%-дан 38,9%-ға дейін).