Бокс
1 мин оқу 320
Елеусінов Монте-Карлода жұдырықтасады
<p>Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов жыл соңына дейін екі кездесу өткізбек. Бұл туралы оның промоутері Эдди Хирн мәлімдеді.</p>

Бұған дейін үш жекпе-жек өткізіп, үшеуінде жеңіске жеткен отандасымыз төртінші кездесуін 20 қазанда АҚШ-тың Бостон қаласында өткізеді деп жоспарланған. Кездесу алты раундқа белгіленгенімен, қазірше қарсыласының есімі белгісіз.
Елеусіновтің кәсіпқой шаршы алаңдағы бесінші айқасы 24 қараша күні Монаконың Монте-Корле қаласында өтеді. Эдди Хирннің мәлімдеуінше, бұл кештің басты айқасы ресейлік Денис Лебедев пен америкалық Майк Уилсон арасында өтпек.
Бөлісу: