Күрес
1 мин оқу 473
Дзюдодан ел чемпионаты Астанада өтеді
<p>Қараша айының 13-16 күндері аралығында Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде дзюдодан ерлер мен қыздар арасындағы Қазақстан чемпионаты өтеді.</p>

Ел біріншілігіне еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан келетін 500-ге жуық дзюдошы қатысады. Жарыс нәтижесінде Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанған спортшылар арасынан 2019 жылғы дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама командасы жасақталады. Астанада өтетін Қазақстан чемпионатын «QAZSPORT» телеарнасы көрсетеді.
Бөлісу: