Қазақстан
1 мин оқу 331
Павлодар-Семей тасжолында көліктер өртеніп, бір адам мерт болды
<p style="text-align: justify;">Павлодар маңында «ГАЗель» мен «Лада» көліктері соқтығысты. Салдарынан автомашиналар жанып, жүргізушілердің бірі мерт болды, деп хабарлады Павлодар облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.</p>

«19 қазан күні сағат 00.20-да Павлодар-Семей тасжолында Павлодар қаласы Байдалы ауылына қарама-қарсы жерде «ГАЗель» мен «Лада» маркалы көліктер соқтығысты», - делінген хабарламада. Жол апатынан «Лада» өртеніп, жалын «ГАЗель» көлігіне тараған. Салдарынан екі машина толықтай жанып кеткен. «Лада» жүргізушісі көлік өртенген кезде қаза тапты. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда». Қазіргі таңда тергеу жүріп жатыр.
Бөлісу: