Медицина
1 мин оқу 1,330

Сүйіспеншілік сабағы

<p style="text-align: justify;">Алматыдағы &laquo;Бөбек&raquo; ұлттық ғылыми-практикалық, бі&shy;лім беру және сауықтыру орта&shy;лы&shy;ғында &laquo;Бөбек&raquo; қа&shy;йы&shy;рымдылық қорының пре&shy;зи&shy;ден&shy;ті, &laquo;Өзін-өзі тану&raquo; руха&shy;ни-адамгершілік білім беру бағ&shy;дарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаева &laquo;Сүйіс&shy;пеншілік сабағын&raquo; өткізді.&nbsp;</p>

Сүйіспеншілік сабағы

«Сүйіспеншілік сабақтары» – бұл Сара Назарбаеваның педагогтар, оқу­шылар және түлектермен дәстүрлі кез­десуі. Бұл жолы аталған шараға елі­міздің барлық аймақтарынан келіп, «Бөбек» орталығында «Өзін-өзі тану» бағдарламасы бойынша бі­лік­тілікті арттыру курстарында білім алып жат­қан ұстаздар қатысты. Бағдарлама ав­­торы педагогтарға қа­зір­гі кездегі әлем­­дегі рухани және адамгершілік құн­­­дылықтары туралы айта келе, ба­ланың жеке тұлға ретінде қалып­та­суындағы мұғалімдердің атқаратын рөлінің маңыздылығына тоқталып, адам­ның шынайы бақыты туралы өзінің ой-пікірімен бөлісті. 

– Әр нәресте шыр етіп, дүние­ге кел­генде оның келешегі мен та­ғ­дыры пешенесіне жазылады. Ал ме­нің маң­дайыма ата-ананың қам­қор­лығынсыз қал­ған балаларға жебеу болу жазылған екен, – дейді Сара Ал­пыс­қызы. 

Сондай-ақ Сара Назарбаева ханым еліміздегі балалардың мүддесін барынша жоғары қоюмен қатар, жас ұрпақтың тағдырын рухани-адамгершілікпен сабақтастырып, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлеудің қажеттігі жайында да тартымды әңгіменің тиегін ағытты.  

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Бөлісу: