Аймақтар
3 мин оқу 712

Термин жасаудың тарланбозы ұлықталды

<p style="text-align: justify;">Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ТҮРКСОЙ түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Халықаралық &laquo;Қазақ тілі&raquo; қоғамы және Халықаралық Түркі академиясымен бірлесе ұлттық термин жасау ісінің тарланбозы, ғалым, аудармашы, жазушы Ісләм Жарылғаповтың 100 жылдық мерейтойына арналған &laquo;Қазақ сөзжасамы: тарихы, бүгіні, келешегі&raquo; атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.</p>

Термин жасаудың тарланбозы ұлықталды

Ісләм Жарылғапов ұлттық терминдердің білгірі, ғалым, аудармашы, жазушы болды. Ол қазақ тілі сөздігінің қорын 5000-нан астам жаңа сөздермен толықтырды. Мы­салы, аялдама, көрермен, балмұздақ, оқырман, теледидар секілді сөздер бүгінгі күні тілімізге әбден сіңісті болып кетті.

Ісләм Жарылғапов қал­дыр­ған ауқымды және ма­ңыз­ды мұра туралы кон­фе­рен­цияға қатысушылар айтып өтті. Олардың қатарында Халықаралық ТҮРКСОЙ түр­кі мәдениеті мен өнерін дамыту ұйымының Бас xатшысы Дүйсен Қасейінов, Халықаралық Түркі акаде­миясының президенті Дар­хан Қыдырәлі, Білім және ғы­лым министрлігінің Аxмет Бай­тұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек, академик Өмірзақ Айтбаев, сондай-ақ Анкара қаласындағы Гази университетінің профессоры, Түркітану орталығының директоры Хулия Касапоғлу Ченгел, Әзербайжан мемле­кеттік педагогикалық уни­вер­ситетінің профессоры Булуд­хан Азизоғлу Халилов және басқалары болды.

Конференция жұмысын облыс әкімі Ерлан Қошанов ашып, жүргізіп отырды.

– Ісләм Жарылғапов сөз саптаудың теңдесі жоқ шебері болған. Біз барлығымыз ол ойлап тапқан сөздерді қол­данамыз, жәнеде ол сөздер өте көп. Олар 30-40-жылдары ойлап табылған, алайда қазіргі таңда оларсыз қазақ тілін елестету қиын. Ісләм Жа­­рылғапов қазақ тілінің сөз қорын еселеді, – деді облыс әкімі Ерлан Қошанов кон­фе­ренцияның ашылуы барысында.

Халықаралық Түркі акаде­миясының президенті Дархан Қыдырәлі жазушының ойлап тапқан және аударған сөздері қазір барлық түркі тілдес әлем­­­де қолданылатынын атап өтті.

Конференцияда сондай-ақ терминология және аударма мәселелері, қазақ тілінің латын графикасына көшуінің ғылыми-әдістемелік негіздері талқыланды.

– Латын қарпіне ауысу тек әліппеге ғана қатысты емес, оның жалпы тілге де қатысы бар. Бұл – үлкен процесс. Түркі тілдес елдер арасында байланысты нығайту үшін Ісләм Жа­рылғаповтың еңбектері өте маңызды, се­бебі 25 жылда түркі тілдес халықтар бір-бірлерінен алыстап кетті, – деді Дархан Қыдырәлі. 

Алқалы жиында та­ны­мал лингвистер, әдебиет­та­нушылар, тарихшылар баяндама жасады. Түркия­дан келген қонақ Хулия Касапоғлу Ченгелдің айтуын­ша, латын графикасы елдердің жа­қындасуына септігін тигізеді.

– Ісләм Жарылғапов қазақ тілі үшін көп еңбек жаса­ған, көптеген сөздер ойлап тапты, олар Түркияда да қол­да­нылады. Мен сіздердің Пре­зиденттеріңіздің латын гра­фикасына көшуге байланыс­ты бастамасын қолдаймын. Бірыңғай әліппе түркі тілдес елдердің жақындасуына сеп­­тігін тигізеді. Қазақстан то­лықтай латын графикасына көшкен соң біз өзіміздің ортақ сөздерімізді дамыта аламыз, сіздердің әдебиеттеріңізді оқитын боламыз, – деп санайды профессор Хулия Касапоғлу Ченгел.

Конференцияға қатысу­шы­лар үшін көрме ұйым­дастырылды. Онда Ісләм Жа­рыл­ғаповтың өлеңдер жи­­на­ғын, отбасылық фото сурет­терін, еңбек кітапшасын тама­шалауға болады.

– Өзінің «Сәкен елі» өлең­дер жинағының қолжазбасын біздің мұражайға кезінде Ісләм Жарылғапов өзі берген, – дейді Жаңаарқа ауданының орталықтандырылған кітап­хана жүйесінің қызмет­кері Гүлзат Жұмасейітова.

Білім және ғылым минис­трлігінің Аxмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі инсти­тутының директоры, филоло­гия ғылымдарының докторы Ерден Қажыбек жинал­ғандарға Білім және ғылым, Мәдениет және спорт ми­нистрлерінің аттарынан құт­тық­тауларын жеткізіп, об­лыс әкі­міне алғыс хаттар та­быс етті.

Конференцияның соңы­на таман Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті мен өнерін дамыту ұйымының Бас xатшысы Дүйсен Қа­сейі­нов түркі дүниесі мен ұлт руханиятына сіңірген ең­бегі үшін бір топ ғалымды арнайы медальмен мара­паттады. 

Жиын соңында Ісләм Жарылғаповтың ағайыны, Қара­ғанды облыстық мәслиха­тының депутаты Ғазым Жа­рылғапов конференцияға қаты­сушыларға әулет атынан алғыс айтты.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды

Бөлісу: