Қазақстан
3 мин оқу 832

Теміржолшы Еңбек Ері атағына лайық емес пе?

<p style="text-align: justify;">Елімізде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жар&shy;&shy;&shy;лы&shy;ғымен &laquo;Қазақстанның Еңбек Ері&raquo; атағы&shy;ның&nbsp; та&shy;&shy;ға&shy;йын&shy;&shy;далғанына биыл 10 жыл толады. Осы жыл&shy;&shy;&shy;дары кез келген еңбек адамы үшін респуб&shy;ли&shy;ка&shy;мыз&shy;&shy;дағы ең мәр&shy;тебелі атақ 23 ерен тұлғаға берілген екен. Ал&shy;ғаш&shy;&shy;қы құрмет ұстаз А.Т.Миразоваға көр&shy;сет&shy;ілді, бұл шын мәніндегі әділ де заңды таңдау болатын.&nbsp;</p>

Теміржолшы Еңбек Ері атағына лайық емес пе?

Ал марапатталғандарға келер болсақ, олардың қай-қайсысы да көпке танымал қайраткерлер. Барлы­ғы­ның аты-жөнін атап шығу біраз орын алар еді, сол себепті қысқаша ғана тоқталайық. Мәселен, «Родина» агрофирмасы» ЖШС-нің бас директоры И.Сауэр­ді, мұнай-газ өндіру саласының ардагері Ұ.Қара­балин­ді немесе кардиохирург Ю.Пяны білмей­тін жан кемде-кем. Әдебиет пен өнер және спорт салалары да назардан тыс қалмапты: Ә.Кекілбаев, О.Сүлейменов, А.Мұсаходжаева, Ю.Померанцев, А.Әшімов, Ж.Үшкемпіров және тағы басқалары. 

Жоғары мәртебелі атаққа лайық деп танылған­дар­дың ішінде аграрлық сектордың өкілдері басымдау екен (9 адам), өнеркәсіп саласынан бес адам (ішінде болат балқытушы да бар) озып шыққан, мәдениет өкіл­дері төртеу, дәрігер екеу. Былай алып қарағанда, өндіріс са­ласы, сөз жоқ, біршама қамтылған. Дегенмен де, кей­бір салалардың өкілдері жоқтың қасы. Мысалға, темір жолды алайықшы. Баршамызға белгі­лі, Елбасы бұл саланы Қазақстан экономикасының қалып­тасуындағы, мемлекет тәуелсіздігін, елдің аумақтық тұтастығын және әлеуметтік тұрақтылығын нығайтудағы рөлін жоғары бағалайды. Атқарылған игі істер де баршылық. Еліміз тәуелсіздік алған соң темір жолдың оңтай­лы ұлттық желісін құру қолға алынды, өйткені кей­бір өңірлер мен об­лыс­тар арасындағы көлік байланы­сы көрші мем­лекет­тің учаскелері бо­йынша жүзеге асырылатын. Жаңа же­лі­лер­дің іске қосылуы өңірлер арасындағы ішкі коммуникацияларды, Қазақстанның транзиттік және экспорттық әлеуетінің өсуін қамтамасыз етті. Қазір­гі уақытта Қазақстанда 5 халықаралық темір жол кө­лік дәлізі жұмыс істейді.Тамаша жетістік! Сол игі істер­ді ат­қару­шылар кім? Әрине, теміржолшылар, құрылыс­шылар! 

Менің пайымдауымша, қарапайым жол бригадирі, то­ғыз жолдың торабынан шыққан қандыағаштық Мол­даш Жаңа­бер­геновтан соң (о да Одақ кезінде болған жағ­­дай) бір­де-бір теміржолшы мұндай жоғары атаққа ұсы­­ныл­­­м­а­ған екен. Лайықты адамдар жоқ емес, бар ғой! Бас­­­қа­­сын айтпағанда, тәуелсіздік жылдары замана та­­ла­­­бы­на сай темір жол құрылысын жүргізуді жетік мең­­­гер­­ген отандық кәсіпқой менеджерлер тобы қалып­тас­ты. Солар­дың ішінен Борис Александрович Иси­на­манов­­ты ай­рық­ша атар едім. Жалпы бұл аза­мат­тың есімі Қазақ­­стан темір­жол­шыларына жақ­сы таныс. Ол бұл тың сала­ға мол тәжірибе жинақ­тап барып келді. Кезінде Батыс Қазақ­стан темір ­жолы бас­тығы­ның орынбасары, Ақтөбе темір жол бөлім­шесі­нің бас­тығы болып қызмет ет­­кен. Темір жол салу жөнінде жаңа жоба қолға алынса бол­­ды, ин­­вес­­торлар Борис Алек­сандровичтің көмегіне жү­гінеді. Өйт­­кені ол біліктілігі мен басқарушылық қабі­леті­нің ар­­қа­­сында кез келген қиындықты жеңуге әзір, өте сенімді адам.  

Қорыта айтқанда, Борис Александрович Исина­манов тәжірибелі жолшы-инженер, іскер ұйым­дас­тырушы ретінде Қазақстан темір жолындағы жаңа жол құрылыстарының көпшілігіне жетекшілік етті, олардың ұзын саны мыналар: Хромтау – Алтынсарин – 404,5 км, Жетіген – Алтынкөл – 235,0 км, Арқалық – Шұбаркөл – 225,0 км, Алматы-1 – Шу (екінші жолдар) – 100 км, Жезқазған – Сексеуіл – 494,5 км. 

Б.Исинамановтың басшылығымен салын­ған жаңа темір жолдардың жалпы ұзын­дығы 1460 шақырымды құрайды, ал бұл бір темір жол бөлімшесінің жолдарына пара-пар.

Борис Александрович әлі күнге дейін еңбектен қол үзген емес, әлі де тың, қайрат­ты – 2017 жылдың шілде айынан бастап «Досжан теміржолы» АҚ президентінің кеңесшісі болып жұмыс істейді. Қара жұмысшыдан бастап еңбекте құ­рыштай шыңдалған ардагер. Өз ісіне берілген мұндай болат жол бағбандары Қазақстан темір жолында көптеп саналады.

Нағашыбай БАЛМАХАНҰЛЫ,

журналист

Ақтөбе

Бөлісу: