Қазақстан
1 мин оқу 535

Қазақстан үлгісі бейбітшілікке бастайды

<p style="text-align: justify;">Астанада Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерт&shy;теу&shy;л&shy;ер институтының Корей Республикасының Қазақстан Респуб&shy;лика&shy;сындағы елшілігімен бірлесіп ұйымдастырған &laquo;Корей түбе&shy;гіндегі ахуал және Қазақстанның ядролық қаруды тарат&shy;&shy;пау&shy;дағы рөлі&raquo; халықаралық дөңгелек үстел отырысы өтті.</p>

Қазақстан үлгісі бейбітшілікке бастайды

Жиынға қатысқан сарапшы­лардың айтуларына қараған­да, Корей түбегіндегі оң өзгеріс­тер ядролық қаруды таратпауды нығайту шеңберіндегі стратегиялық сұхбаттар үшін жаңа серпіліс береді. Қазақстан ядро­лық қарусыздану үшін жаһан­дық қозғалысының бел­сен­ді мүшесі ретінде тарап­тардың ұстанымдарын жақын­дас­тыруға бағытталған ұмты­лыс­тарын қолдайды және осы үдерісте жан-жақты көмек көр­сетуге әрдайым дайын. 

Екі Корей мемлекетінің ара­сындағы қарым-қаты­на­с­тар­дың дамуының әрі қарайғы траекториясын талқылау мен сарапшылар сұхбаты – бейбіт үдерістің ажырамас құрамдас бөлігі және бейбіт құрылысқа қосқан зор үлесі. 

Халықаралық дөңгелек үстел­дің жұмысы «Корей түбе­гін­дегі қазіргі ахуал және Корей Республикасының бей­біт­шілікті қамтамасыз ету бо­йынша саясаты» және «Қазақ­стан­ның ядролық қаруды тарат­паудағы рөлі және Корей түб­егіндегі ахуалды реттеуге жәрдемдесуі» секциялары бо­йынша өрбіді. 

Дөңгелек үстел жұмысына халықаралық және ядролық қауіпсіздік саласының жетек­ші сарапшылары, Қазақстан Рес­пуб­ликасы Сыртқы істер министр­­лігінің жауапты қыз­мет­­керлері, сонымен қатар Қазақ­­станда аккредитациядан өткен дипломатиялық миссия­лар мен халықаралық ұйым­дар­дың басшылары қатысты. 

Серік ӘБДІБЕК,

«Егемен Қазақстан»

Бөлісу:
Қазақстан үлгісі бейбітшілікке бастайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар