Қазақстан
1 мин оқу 370

Алтайда аяз 34 градусқа жетті

<p style="text-align: justify;">Алтайда аяз ақырып тұр. Ал&shy;тай болғанда, Алтай ауда&shy;ны&shy;ның (Зырян) нақ өзінде.&nbsp;</p>

Алтайда аяз 34 градусқа жетті

Дүй­сенбіде аяз 34 градусқа жетіп жығылыпты. Облыстық білім басқармасы кеше Алтайдан бөлек Риддер қаласында 24 градус аязға байланысты 1 ауысымдағы 1-4, Аягөз ауданында 31 градус аязға байланысты 1 ауысымдағы 1-9, Үржар ауданында 33 градус аязға байланысты 1-9 және Көкпекті ауданында 27 градус аязға байланысты 1 ауысымдағы 1-11 сынып аралығында сабақ болмайтынын хабарлады. Ал қатты аязға байланысты 12 қарашада облысымыздың Шемонаиха ауданы мен Риддер қаласында сабақ өткізілмеген болатын.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы

Бөлісу:
Алтайда аяз 34 градусқа жетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар