Футбол
1 мин оқу 590

Месси мен Роналду «Алтын допсыз» қалды

<p style="text-align: justify;">Испанияның &laquo;Барселона&raquo; клубының шабуылшысы Лионель Месси мен Италияның &laquo;Ювентус&raquo; командасының футболшысы Криштиану Роналду 10 жылдан кейін тұңғыш рет &laquo;Алтын допқа&raquo; үміткерлер қатарына енбей қалды, деп жазады британдық The Sun сайты.</p>

Месси мен Роналду «Алтын допсыз» қалды

Британиялық сайттың жазуынша, дауыс беру процесі әлі жүріп жатыр. Деген­мен, екі футболшының «Алтын допқа» үміт­кер ТОП-3 үздіктің қатарына енбей қал­ғаны әлеуметтік желіде тарап кеткен. Мамандар Месси мен Роналдудың үміт­керлер тізіміне енбей қалуын Ресей­де өткен әлем чемпионатында көзге түс­­­пеуіне байланысты екенін айтады. Фран­­циялық журналист Эрик Мамру­та­ның сөзіне қарағанда, аталған сыйлыққа басты үміткерлер тізімінде «Реалдың» жар­тылай қорғаушысы Лука Модрич пен оның коман­даласы Рафаэль Варан және Килиан Мбаппе бар (ПСЖ). 

Еске сала кетейік, Роналду мен Месси соңғы он жылда «Алтын допты» бес-бес­тен иеленген болатын. Оларға дейін бұл сыйлықты 2007 жылы бразилиялық футболшы Кака («Милан) алған.

Дайындаған Әли БИТӨРЕ, 

«Егемен Қазақстан»

Бөлісу: