Қазақстан
1 мин оқу 640

Атыраулықтар жалпыұлттық диктант жазуға қатысты

<p style="text-align: justify;">80-90 сөзден тұратын диктант мәтіні&nbsp; аудиожазбалар арқылы таратылды, ұзақтығы 30 минутқа созылды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.</p>

Атыраулықтар жалпыұлттық диктант жазуға қатысты

Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруге  байланысты Мәдениет және спорт министрлігі жалпыұлттық диктант жазуға бастама көтерді. Іс-шара бүгін, 14 қарашада республика бойынша 11.00-де, ал мұнайлы өңірде жергілікті уақыт бойынша 10.00-де өтті.

Шараның негізгі мақсаты - латын графикасындағы  қазақ әліпбиін  іс жүзінде қолдануға бейімдеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру, латын графикасындағы қазақ тілін меңгеру және тіл үйренуге қызығушылықты арттыру.

- Атырау облысында жаңа қазақ әліпбиінде  диктант жазуда 80 мыңнан астам адамды қамту жоспарланған, бірақ менің ойымша, бұл көрсеткіш одан да артады. Кейін мамандар жалпы статистика шығарады. Біздің басты міндетіміз - халықтың латын графикасына көшуіне  қаншалықты дайын екенін білу, - деді тілдерді дамыту басқармасының басшысы  Асия Қыстаубаева.

Бөлісу: