Ауыл
2 мин оқу 310

Семейде аулалар жөнделуде

<p style="text-align: justify;">&laquo;Менің аулам&raquo; бағдарламасы бойынша Семей&shy;де 9 аула жөнделді. Облыс әкі&shy;мі Даниал Ахметов Семей қа&shy;ласына жұмыс сапары кезінде Қос&shy;танай, 79 және Мамай батыр, 92 мекенжайларында болып, жыл сайын аулаларды жөндеуге миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалатындығын айтты. Осы аталған көшелердегі көппәтерлі үйлерде тұратын семейлік отбасылар үшін &laquo;Менің аулам&raquo; бағдарламасының орындалуы айрықша қуаныш болды.&nbsp;</p>

Семейде аулалар жөнделуде

Тұрғындар аулаларына жи­на­лып, ризашылықтарын біл­дір­ді. Тұрғындар атынан сөз алған ПИК төрайымы Діл­дә Желдібаева Даниал Кен­же­тай­­ұлына аулаларға жағ­дай жасап қана қоймай, бейне­бақылау камераларын да орнат­қандықтарын айта кетті.

− Елбасымыз биылғы Жол­­­дауын­да халықтың әл-ауқа­­тын арттыруды тапсырып отыр, біз бұл міндеттерді орындауымыз қажет. Балалар ойнайтын алаңдар, кешке қарай ақсақалдар бас қосатын орындар болуы керек. Міне, 100 түп көшет отырғыздық деп жа­тыр, бұл тамаша іс. Енді Семейдің сыр­тындағы аралды да қа­лыпқа келтіріп, саламатты түрде демалатын орынға ай­налдырамыз. Бейнебақылау камералары бар аулалар Өскеменде де, Семейде де болады. Осы арқылы дамыған елдердің мәдениетіне жетеміз, аулаларды көріктендіруді жыл­ма-жыл жалғап отырамыз, − деді Даниал Ахметов. 

Айта кету керек, қалада ал­ғаш­қы 9 аула жөнделуі үшін 611 миллион теңге қаражат қарас­тырылған. Қазіргі уақытта 405 миллион теңге нақты 6 аула үшін берілген. Қалған үш ауланың жоба-сметалық жұ­мыстары қарас­тырылуда. Алда тағы да аулалар жөнделуі үшін қаржылар қарас­тырылмақ.

− «Менің аулам» бағдарла­ма­­сы 3 жылға негіздел­ген. Осы үш жыл ішінде қалада 62 бір­лескен аулаларды жөндеу көз­деліп отыр, − деді қала әкімі Ер­мак Сәлімов, − жөнделетін аулалар комиссия арқылы таң­да­лып алынды. Басты талап − ауланың кең аумағы және же­кеменшік ПИК жетекшілігі болуы керек. Қариялар отырып демалатын орындықтар, ба­лалар ойнайтын алаңқайлар, спортпен айналысуға болатын баскетбол, волейбол, футбол алаңдары, ауланың жарықпен қамтылуы сияқты көптеген маңызды дүние­лер осының ішіне кіреді.

Раушан ҚАБЖАНҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан» 

СЕМЕЙ

Бөлісу:
Семейде аулалар жөнделуде · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар