Қазақстан
2 мин оқу 531

Шығын азайып, табыс арта түсті

<p style="text-align: justify;">&laquo;Нұр Отан&raquo; партиясының Мәжілістегі фракциясы жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің кезекті отырысы &laquo;Цифрлы Қазақстан&raquo; мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысына арналды. Кеңес отырысына депутаттармен қатар, мемлекеттік органдардың, &laquo;Атамекен&raquo; ұлттық кәсіпкерлер палатасының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.</p>

Шығын азайып, табыс арта түсті

Жиынды ашқан Эконо­ми­калық саясат жөніндегі кеңес төрағасы, Мәжіліс депутаты Бейбіт Мамраев өз сөзінде Мем­лекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында елімізді цифрландыру кеңістігін кеңейте түсу жөнінде тапсырма бергендігін еске салды.

Ал негізгі баяндамашы Ақпа­рат және коммуникациялар ми­нистрінің орынбасары Динара Щеглова еліміздегі цифрландыру бағдарламасының басты бағыттары бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар туралы айтып берді.

Мәселен, оның айтуынша, мем­лекеттік бағдарлама басты бес бағыт пен 17 бастамадан тұра­ды. Атап айтқанда, экономи­ка салаларын цифрландыру, цифр­лы мемлекетке көшу, цифр­лы Жібек жолын іске асыру, адам капиталын дамыту және инно­ва­циялық экожүйені құру салалар­ында айтарлықтай ілгерілеушіліктер анықталған. 

– Қазірдің өзінде «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдар­ла­масының іс-ша­ра­ларын орындау бойынша жоғары нәти­же­лер байқалуда, – деген вице-минис­тр бес бағыттың әрқайсысы бо­йынша нақты көр­сеткіштерге тоқ­талды. 

Мәселен, мұнайды барлап, өнді­ру проц­естері цифрландыру­мен қамтылған. Осы­ның нәти­же­сінде зияткерлік кен орындарын енгізу арқылы алынатын мұнай коэф­фициентін 5 па­йыз­ға арттыруға және опе­ра­ция­лық шығындарды 10 пайызға және жөндеу аралық кезеңді 8 па­йызға қысқартуға қол жеткіз­ілген. Мұндай үдеріспен қам­тыл­ған атом өндірісінен бас­тап, мемлекеттік қызмет, ауыл ша­руа­шылығы, денсаулық сақтау, білім, сауда салаларында шы­ғындар азайып, еңбек өнімділігі мен табыс артып келеді.   

– Қазіргі кезде цифрландыруды қажет ететін бес басым бағыт анықталды. Бұл – білім беру, денсаулық сақтау, қауіпсіздік, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық салалары, – деді Д.Щеглова. 

Кеңес отырысында Инвес­ти­циялар және даму министрінің орынбасары А.Қабыкенов, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары О.Ордабаев цифрландыру бағдарламасының іске асырылуы бойынша ақпараттарымен бөлісті.  Сондай-ақ Атырау қаласында орналасқан «Ембімұнайгаз» АҚ департаментінің директоры Б.Нысанбаев жиналғандарға «Зияткерлік кен орны» жобасы туралы айтып берді. 

Отырысты қорытындылай келе Б.Мам­раев цифрландырудың халықаралық стан­дарттарға сай қоғамның әлеуметтік өсуіне де, экономикалық мәселелерді ке­шенді ше­шуге де бағытталған ин­дустриялық-инно­вациялық да­му бағдарламасын іске асыруда маңызды рөл атқаратындығын атап өтті. 

Кеңес отырысының қоры­тындысы бойынша «Цифр­лы Қазақстан» мемлекеттік бағ­­дар­ламасын іске асыру бойынша мем­лекеттік және басқа да жа­уапты органдарға ұсыныстар қабылданды.

Серік ӘБДІБЕК,

«Егемен Қазақстан»

Бөлісу:
Шығын азайып, табыс арта түсті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар