Спорт
1 мин оқу 890
Атыраулық Қаһарман Қисметов Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
<p style="text-align: justify;">Жас спортшы 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы грек-рим күресінен Әлем чемпионатында өз бағын сынады, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.</p>

72 кг салмақта өнер көрсететін Қаһарман жартылай финалда грузиялық балуанға 5:7 есебімен есе жіберді. Есесіне, қола жүлде үшін бәсекеде ресейлік қарсыласын 5:0 есебімен айқын басымдылықпен ұтты.
21 жастағы балуан 2015 жылы жастар арасында Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, жастар арасында Азия біріншілігінің жеңімпазы, 2017 жылы ересектер арасында ҚР чемпионы атанып үлгерді.
Бөлісу: