Аймақтар
1 мин оқу 280

Теміртауда Президенттік пән олимпиадасы өтті

<p style="text-align: justify;">Теміртау қаласында жаратылыстану-математика пәндер бойынша ХІ Президенттік олимпиада өтті. Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған бұл сайысқа еліміздің &nbsp;барлық облыстарының 11-сынып оқушылары қатысты.</p>

Теміртауда Президенттік пән олимпиадасы өтті

Сайыскерлердің жұмыстарына қазылық еткен төрешілер құрамында  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ, М. Ломоносов атындағы ММУ-дың ғалымдары болды.

Пән олимпиадасында қарағандылық төрт оқушы қола жүлдегер атанды. Олар – Алтын Аманболды (Балқаш қ., №2 мектеп-лицей), Әлихан Мәжікен («Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты), Карина Беисова (Қарағанды қ., №2 лицей) және Дінмұхамед Байжомарт (Жезқазған қ., «Білім-Инновация» лицей-интернаты).

Президенттік олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне республикамыздың жоғары оқу орындарының білім гранттарын алуда басымдықтар беріледі.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды облысы,

Теміртау қаласы

Бөлісу: