Аймақтар
1 мин оқу 1,251

Атырауда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде көшелерді жарықтандыру жобасы іске асырылады

<p style="text-align: justify;">Көшені жарықтандыру желілерін салу ағымдағы жылы басталып, 2019 жылдың соңына дейін жалғасады, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.&nbsp;</p>

Атырауда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде көшелерді жарықтандыру жобасы іске асырылады

Бұл туралы ӨКҚ өткен брифингте Атырау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Мұрат Иғалиев мәлімдеді.

Спикер өз баяндамасында 2017 жылдан бастап "Атырау қаласындағы көше жарығы желілерінің құрылысын салу және пайдалану" жобасы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында іске асырылатынын атап өтті.

- Жобаны «БатысТранзит» АҚ жүзеге асырады. Олардың  қазірдің өзінде табысты серіктестікте тәжірибесі бар. Өткен жылы мекеме 19 көшеде жарық диодты шамдар орнатса, биылғы жылы тағы 20 көшеде жұмыс аяқтады.  Мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша екі қосымша жоба аясында қаланың 192 көшесін жарықтандыру жұмысы жоспарлануда. Сонымен қатар Атырау-Индер, Атырау-Доссор  тас жолдары жарықтандырылады, - деп мәлімдеді Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Мұрат Иғалиев.

Бөлісу:
Атырауда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде көшелерді жарықтандыру жобасы іске асырылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар