Аймақтар
1 мин оқу 240

Павлодарда Тұңғыш Президент күні  27 жаңа нысан пайдалануға беріледі

<p style="text-align: justify;">Облыстық &nbsp;саясат басқармасының мәлімдеуінше, бұл күні өңірдің ауылдары мен &nbsp;қалаларында, аудан орталықтарында ауыл шаруашылық жәрмеңкелері, мәдени-спорттық іс-шаралар өткізіледі.</p>

Павлодарда Тұңғыш Президент күні  27 жаңа нысан пайдалануға беріледі

Облыс орталығы тұрғындарын «Квазар» сауда үйі жанында көптен күткен ашық дала жәрмеңкесі  шақырады. Ауыл шаруашылық жәрмеңкесі қайта оралды деп қуанышты.  Қалаларда  облыс жұртшылығы  қоғамдық көліктерде тегін  жүру мүмкіндігіне ие болады.  

Облыс орталығындағы  «Сарыарқа» шағын ауданында № 21 және № 22 тұрғын үйлер, Үкіметтік емес ұйымдар бас қосатын «Азаматтық Альянс» үйі, Екібастұздың Солнечный кентінде қайта қалпына келтірілген үйлер  пайдалануға беріледі.

Ал, қалаға қарасты  Жаңаауыл ауылында клуб,  Ақтоғай ауданы, Қараоба ауылында 2 пәтерлі тұрғын үй, Железин ауданы Ақтау ауылында мәдениет үйі,  Тереңкөл ауылында  «Кузнецов» сауда үйі ашылады.

Сонымен бірге Ақтоғай ауылы Абай атындағы орта мектебінде, Успен ауданы Қоңырөзек ауылында  «Рухани жаңғыру» кабинеттері, Шарбақты ауданының «Радуга» мектептен тыс  орталығы  IT-орталығы   оқушыларды күтуде.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР

Бөлісу:
Павлодарда Тұңғыш Президент күні  27 жаңа нысан пайдалануға беріледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар