Қазақстан
1 мин оқу 442

Қызылордада полицейлер қан тапсырды

<p style="text-align: justify;">Қызылордадағы жергілікті полиция басқармасынының қызметкерлері жол апатынан зардап шеккен азаматтар үшін қан тапсырды.</p>

Қызылордада полицейлер қан тапсырды

Автобустардың қақтығысуынан болған оқыс оқиға Қармақшы ауданы, Ақжар ауылының тұсында орын алған еді. Автобустардың ішінде 86 жолаушы болған. Оның үшеуі қайтыс болып, 74-і ауруханаға түскен.

Қан орталығының қызметкерлері полиция басқармасына құрылғыларымен келді. Облыста «Жол жүрісі қауіпсіздігі апталығы» жүріп жатқан. Қамқорлық акциясына 70-ке жуық полиция қызметкері қатысып, қан тапсырды.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы

Бөлісу:
Қызылордада полицейлер қан тапсырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар