Медицина
2 мин оқу 464

Жомарттардың жақсы ісі үлгі болды

<p style="text-align: justify;">Туған жерді түлету, сәні мен салтанатын арттырып, адамдардың алаңсыз күн кешуіне жағдай жасау &minus; ер-азаматтардың борышы. Облыста мұндай жақсы мысалдар жеткілікті. Таяуда облыс орталығындағы &laquo;Достық&raquo; үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақмола облыстық бөлімшесінің ұйымдастыруымен ел жайын ойлаған жомарт жүректі жандарды марапаттаудың сәті түсті.&nbsp;&nbsp;</p>

Жомарттардың жақсы ісі үлгі болды

Кіндік қаны тамған ата жұрт­тың ажары мен базары ортаймауы керектігі туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Рухани жаң­ғыру» бағ­дарламасында да жан-жақ­ты айтқан болатын. Туған өл­­кесін түлетіп, өңір өмі­рін жақ­­сартуға атсалысушылар осы бағдарламадан кейін тың серпін­мен өз үлестерін қоса бастады. «Жомарт жү­рек» байқауы − елім деп емі­­ренген азаматтардың ел да­муына қосқан үлесін саралап, салмақтауға бағытталған ма­ңызды жобалардың бірі. Бұл кеште ел болашағына бей­­­­жай қарай алмайтын аза­­мат­тардың атқарған ең­бек­тері жалпақ жұрт­қа әйгілі болды. 

– Соңғы екі жылдың ішін­де облыста жалпы құны 5,5 миллиард теңгені құрайтын 96 әлеу­меттік жоба жүзеге асырылды, – деді облыс әкі­мінің орынбасары Айна Мы­сырәлімова құт­тықтау сө­зінде, – олардың басым бөлігі білім, мәдениет, спорт са­ла­лары. Бір ғана Целиноград ауданының өзінде жалпы құны 500 миллион теңгені құрайтын 9 жо­ба іске асырылды.

Салтанатты шарада «Жыл ме­ценаты» аталымы бойынша Сан­дықтау ауданының «Сво­­бод­ное» серіктестігінің ди­рек­торы Александр За­ку­силов, Есіл ауданы «Заречный» се­рік­­тес­тігінің ди­ректоры Уә­лихан Әрі­пов, «Туған өл­ке» аталымы бойын­ша Қор­ғалжын ауданынан жеке кә­сіпкер Құралай Түсіп­бекова мен «Группа Ком­паний...» серіктестігі директорлар ке­ңесінің жетекшісі Ардақ Бал­табеков және Целиноград ауданы «Көкше Жемчуг» се­рік­тестігі басшысының орын­басары Қанат Жәкенов, Целиноград ауданынан іскер азамат Бауыржан Исабаев пен «Сандықтау» серік­тес­тігінің директоры Жамул Мус­­­ханов марапатталды. Це­ли­но­град, Сан­дықтау ауданы­ның әкімдіктері «Туған жер» бағдар­ламасы бойынша үзд­іктер қатарынан көрінді.

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Егемен Қазақстан» 

Ақмола облысы

Бөлісу:
Жомарттардың жақсы ісі үлгі болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар