Қазақстан
1 мин оқу 1,950

Әулиеатаға сирек кездесетін әупілдек келді

<p style="text-align: justify;">Әупілдек құсы негізінен көлбұқалар туысы болып есептеледі. Олар өзендер мен көлдерді және қалың қамыс арасын мекендейді. Қазақстанда құстың бұл түрі кездеспегенімен, мамандар әупілдектің еліміз арқылы ұшып өтетінін айтады.&nbsp;&nbsp;</p>

 Әулиеатаға сирек кездесетін әупілдек келді

Жалпы, әупілдек ұғымы хал­қымызға жат емес. «Қамы­сы Әупілдектің мүше-мү­ше, сар­ғайдым осынау көлдің суын іше. Қос қанат құсқа біт­кен, маған бітсе, барар ем­­ қалқажанға әлденеше» деп­­ басталатын халық әні­ де­ бар. Жақында ғана әупіл­­дек­ құстың Әулиеата өңірі­не­ оқыстан келгені жайлы хабар естідік. Қызықты хабар көпшілікке де таңсық көрінгені рас.

Тараз қаласындағы «Фе­никс» қонақ­үйінің ауласына белгісіз құс келіп қона­ды. Бұл туралы алғашқы ақпаратты қо­на­қ­үй иесі А.Маралова елі­­­­міз­дің Ауыл шаруа­шылы­ғы­­ министрлігіне қарас­ты­ Ор­ман шаруашылығы жә­не­ жа­нуар­­лар дүниесі коми­те­­тінің баспасөз хат­шы­сы­­ С.Ділдахметовке жет­кі­­­­зе­­­ді. Нәтижесінде Жам­­­был­ облыстық орман­ ша­­­руа­­шылығы және жануар­лар дүниесі аумақтық инспекциясы жануарлар дү­ние­сі және аңшылық ша­руа­­шылығы бөлімінің ма­манда­ры Ж.Дүйсенбаева, С.Мінтұрғанов, Тараз қала­лық ветеринария қыз­меті инспекциясының бас ма­ма­ны А.Сүгірбаев жедел әрекетке көшіп, аталған құс­­тың Ресей мемлекетінің «Қы­зыл кітабына» енген әупіл­дек екенін анық­таған. Тараз қалалық ветеринария қызметі инспекциясының мә­ліметінше, әупілдек үй жануарлары дәрігерінің кли­ни­калық тексеруінен өткізілген. Тексеру нәтижесінде жабайы құстан ешқандай ауру бел­­гілері табылмаған. 

С.Мінтұрғановтың айтуынша, құстың қанаттары жә­не аяқтары сау. Сондықтан құс­тың өз бетінше ұша алатын­дығы туралы анықтама да­йын­далған. «Үлкен құс тір­шілік ортасына қайта жі­берілді. Қа­зақстанда бұл құс ме­кендемейді. Тек біз­дің мем­лекетіміз арқылы ұшып өтеді», дейді ол.

Хамит ЕСАМАН,

«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы

Бөлісу: