Аймақтар
1 мин оқу 410

Павлодарда шахматшылар турнирі басталды

<p>&nbsp;</p> <p style="text-align: justify;">Бүгін Павлодарда шахматтан халықаралық турнир басталды. 2 желтоқсанға дейін созылатын айтулы жарыстың жүлде қоры 3 миллион теңгені құрап отыр.</p>

Павлодарда шахматшылар турнирі басталды

Қазақстан шахмат федерациясының хабарлауынша, 13 мәрте ұйымдастырылып отырған турнирге Ресей, Беларусь, Испания, Бельгия, Әзірбайжан, Тәжікстан, Украина және Қазақстанның 100-ден аса ойыншылары бақ сынауда. Солардың арасында 12 гроссмейстер, 7 халықаралық шебер, 7 ФИДЕ шеберлері және 2 спорт шеберлігіне кандидаттар бар.

Жарыс ФИДЕ ережесіне сай швейцариялық жүйе бойынша өтеді. Ол 10 турдан тұрады.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

Бөлісу: