Қазақстан
1 мин оқу 530

Ассамблея жобасы Атырауда жалғасты

<p style="text-align:justify">&laquo;Қазақтану&raquo; жобасын Қазақстан халқы Ассамблеясы халқымыздың рухани құндылықтары негізінде жалпыұлттық бірлікті нығайту мақсатында қолға алған. Мәдени-ағартушылық жоба Мемлекет басшысының &laquo;Ұлы даланың жеті қыры&raquo; мақаласын іске асыру аясында Атырау облысында жалғасты.</p>

Ассамблея жобасы Атырауда жалғасты

Лекторий жұмысына Қазақ­стан халқы Ассамблеясы Төр­ағасының орынбасары – Хат­шылық меңгерушісі Леонид Прокопенко, Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, Қазақстан халқы Ассамблеясының, Аналар кеңесінің мүшелері, көрнек­ті қоғам қайраткерлері, ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесі мен этномәдени бірлестіктердің мүшелері, мемлекеттік органдар мен республикалық жастар бірлестіктерінің, жоғары оқу орындарының, қоғамдық келісім кеңестерінің өкілдері, жазушылар қатысты. 

Бастама туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы Төраға­сының орынбасары Леонид Прокопенко: «Қазақ халқының дарқандығының арқасында елімізде қақтығыс болған емес. Тәуелсіз бейбіт елдігімізге сын түспеуі үшін қазақтың болмысын, тарихын, мәдениетін, дәстүрін насихаттау – парызымыз» деп атап өтті. «Қазақтану» жобасы Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы жарияланған тұста өзектілігін арттыра түсті. Қазір Атырау облысында 80-нен астам этнос өкілі тұрады. Этно-мәдени бірлестіктер жұмысы жақсы жолға қойылған.

Лекторий жұмысы Ғабдол Сланов атындағы облыстық әмбебап кітапханада, Кас­пий өңірінің қазіргі заманғы коллед­жінде де өтті, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде «Ұлттық салт-дәстүрлер» театрландырылған қойылымы көрермен назарына ұсынылды.

«Қазақтану» жобасының бір ерекшелігі – облыс орталық­тарымен шектелмей, алыстағы ауылдарды да қамтиды. Атырау облысындағы Махамбет және Жылыой аудандарының елді мекендерінде дәрістер циклы ұйымдастырылды.

Қазақстан халқы Ассам­блея­сының «Қайырымдылық кер­у­е­ні» жобасы бойынша қа­йы­рым­дылық ұйымдар, меценаттар мен донорлардың рес­публикалық форумы да Жайық жағасында салтанатты түрде ашылды.

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ

Бөлісу: