Қазақстан
2 мин оқу 883

Жарықтандыру жұмысы жаңғыртылуда

<p style="text-align:justify">Қалалар дамыған сайын жарықтандыруға жұмсалатын қуат мөлшері де арта түседі. Электр қуатына төлемдердің өсуі, экологиялық жағдайлар энергия үнемдейтін инновациялық мүмкіндіктерді қарастыруды талап етеді.</p>

Жарықтандыру жұмысы жаңғыртылуда

Осы бағытта экологиялық және экономикалық тұрғыдан тиімді интеллектуалды жүйе­лер­ді қолданысқа енгізудің әлеуеті зор. Жаңа технология­лар негізінде жасалған жарық бере­тін қондырғылар техникалық қыз­мет түрлерінің, жөндеу жұмыс­тарының азаюына, жарық­шам­дардың ұзақ уақыт қызмет етуіне мүмкіндік беруімен қатар қала үшін қауіпсіз.

Заманауи жарықшамдармен қамтамасыз ету қала көркіне әр беріп қана қоймай, энергия үнем­деуге де мүмкіндік береді. Ал­маты қаласы Энергетика және ком­муналды шаруашылық басқар­масының басшысы Мақсұт Иса­ховтың айтуынша, қазір­гі кезде қала бойынша жарық­шам­­дардың саны 80 мыңға жуық­тайды. Жыл соңына дейін қала көшелерін жарқыратып тұратын шырағдандардың 31,5 пайызы немесе 24 мыңы энергия үнемдейтін және жарықдиодты түрлеріне алмастырылады.

Бүгінде Бостандық ауданына қарасты Бағанашыл, Алатау, Ер­мен­сай және Нұрлытау шағын ау­дандарында 35,3 шақырымға (1333 жарықшам) жарықдиодты шамдар  қондырылса, әуежайдан бастап Майлин, Бұқтырма көшелері мен Құлжа даңғылы, әл-Фарабиден Саин, Торайғыров көшесіне (4314 жарықшам) дейінгі Шы­ғыс айналма жолындағы жарық­шам­дар жарықдиодты түрлеріне алмастырылған. «Алатау Жарық Ком­паниясының» электр жүйе­лерін қайта қалпына келтіруі нәти­жесінде қаланың 8 ықшамау­да­нындағы 186 көшеде 3807 жарықшам жаңасымен ауыстырылды. Қазіргі кезде Жароков көшесінде, Өтепов көшесінен Төле биге дейінгі аралықта 720 шырағдан заманауи көрік беріп тұр. Алдағы жоспарға сәйкес жыл­дың соңына дейін Алатау ау­данында 24 шақырымдағы 730 жарықшам қондырылатын болады. Ал Әуезов ауданындағы Дубок 1-2, Достық, Школьный, Ма­мыр ықшамаудандарында 49,5 шақырым жүйелердегі 1612 жа­рықшам жаңаланбақ.

Алматы қаласы Энергетика жә­не коммуналды шаруашылық басқармасы «Алматы қаласының сыртқы жарық көздерін жаңарту» мемлекеттік-жекешелік әріп­тестік аясында 2019-2026 жылдарда 1375 шақырым сырт­қы жарық жүйесі мен 45829 жарықшамды және де 42052 тіректерді жаңартуды жоспар­лап отыр. Жарық бергіш қондыр­ғыларды алмастыруда отандық өндірушілердің өнімдері пайдаланылуда. Қайта жаңартылғаннан кейін Алматы қаласы энергия үнемді LED жарықшамдарымен толық қамтамасыз етілмек.

Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Бөлісу: