Күрес
1 мин оқу 744

Екі дүркін «Әлем Барысы» атанды

<p style="text-align: justify;">Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында қазақ күресінен өткен &laquo;Әлем Барысы-2018&raquo; турнирі өз мәресіне жетті. Дүбірлі додаға әлемнің бірқатар елінен келген 33 ба&shy;л&shy;уан қатысса, Қазақстан намысын 5 спортшы қорғады.&nbsp;</p>

Екі дүркін «Әлем Барысы» атанды

Кіл мықтылар арасынан суырылып шық­қан Қазақстанның екі балуаны – Айбек Нұғымаров пен Ерсұлтан Мұзафаров финалда кездесті. 4 минутқа созылған белдесуде Нұғымаров қарсыласын таза жеңіп, екі дүркін «Әлем  Барысы» атағын иеленді. Жартылай финалдық сайыста Ерсұлтан Мұзафаров Ресей балуаны Роман Бобиковтан басым түссе, Айбек Нұғымаров грузин балуа­ны Гурам Тушишвилиді жеңген еді. 

Ресейлік балуан Роман Бобиков бел­десусіз-ақ «Әлем Барысында» үшінші орын иеленді. Өйткені оның грузиялық қарсыласы Гурам Тушишвили бозкілемге шықпай қойды.

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»

Бөлісу: