Қазақстан
1 мин оқу 430

Жастар әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қонақта болды

<p style="text-align:justify">&laquo;Жас Отан&raquo; ЖҚ белсенділері&nbsp;Астанадағы &laquo;Нұрлы жүрек&raquo; әлеуметтік қызмет көрсету орталығына қонаққа барды.&nbsp;</p>

Жастар әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қонақта болды

Жасотандықтар балаларға ойыншықтар мен тәттілер сыйлап, орталықтың кішкентай тұрғындарының көңіл-күйін көтерді.

Мекемеде БЦП (ДЦП), эпилепсия, физикалық, психикалық даму бөгелісі диагноздарымен 3 жастан 29 жасқа дейінгі 277 мүгедек-бала қаралады. Ал күндізгі бөлімде 156 бала бар. Балалар даму деңгейіне байланысты қозғалмалы ем, әлеуметтік бейімдеу, әлеуметтік-тұрмыстық бағыт-бағдар беру, әлеуметтік еңбекке үйрету секілді сабақтарға қатысады.

1992 жылдың аяғында БҰҰ Бас Ассамблеясы 3-ші желтоқсанды мүгедектер күні деп жариялады. Кез келген мемлекеттің құндылығы мен ізгілігі балалар мен қарттарға, мүгедектерге деген қарым-қатынасымен айқындалады. Мүмкіндігі шектеулі жандардың халықаралық күні - осы бір тумысынан өмірдің азабын тартқан жандарға тағы бір көз қырымызды салып, жанына желеу болуға мүмкіндік жасайды.

Бөлісу: