Қазақстан
2 мин оқу 920

Қазақтың қара есептері

<p style="text-align: center;"><strong>ОНЫНШЫ есеп:</strong></p> <p style="text-align: center;"><strong>Аңшылардың олжа бөлісуі</strong></p>

Қазақтың қара есептері


Сәті түспей қанжығасы бос қайтқан бір аңшы түнге қарай далада от жағып ас әзірлеп жатқан екі аңшыға жолығады. Олардың біріншісі 3 шіл, ал екіншісі 5 шіл атып алған екен. Үш аңшы барлық шілдерді пісіріп теңдей бөліп тамақтанады. Ертеңіне қонақ аңшы жеген тамағына ақша берейін десе, ана екі аңшы «қажеті жоқ» деп қабыл ал­маған соң, әріптестеріне ри­за­шылығын білдіріп сегіз оқ беріп кетеді. Екі аңшы оқтар­­ды қалай бөлісуі керек?

ОН БІРІНШІ есеп: 

Амандасу жайы


Он жолдас кездескенде
үлкен тойда,
Амандасты бір-бірімен
сағынысып.
Айтыңдаршы, қанша рет
болды сонда, 
Сәлемдесу бір мәртеден
қол алысып? 

ОН ЕКІНШІ есеп: Шопан ата өсиеті 

Қазақ халқында төрт түлік деген ұғым бар. Аңыз бойын­ша әр түліктің «иесі бар» деп есептеледі. Яки, жылқы ие­сі – Қамбар ата, түйе иесі – Ой­сылқара, сиыр иесі – Зеңгі баба, қой-ешкі иесі Шопан ата деген сияқты. Осындағы Шо­пан атамыз: ұсақ малды қораға қамағанда қораның шарбағы қанша қысқа болу маңызды емес, қораның ауда­ны мүмкіндігінше үл­кен болсын, – деп өсиет етіп­ті. Демек, ата өсиеті бо­йы­н­ша­ қысқа шарбақпен үлкен аумақты қор­шау керек. Осы өсиетті іске асырмақ болған бір қой­шы тік жарға жастап, кең қора соқпақшы болады. Егер шар­бақты қораның ұзындығы L бол­са, ата өсиетін орындау үшін шарбақ пішіні қандай бо­луы қажет деп ойлайсыз? 

«Ұлы даланың байырғы 100 көне есебі» кітабынан дайындаған Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, 

«Егемен Қазақстан»

Бөлісу:
Қазақтың қара есептері · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар