Спорт
1 мин оқу 383

Құрама қоржынында жалғыз жүлде

<p style="text-align: justify;">Алматыдағы &laquo;Халық Арена&raquo; спорт кешенінде шорт-тректен Әлем кубогы&shy;ның кезеңдік сайысы аяқталды. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы бір медаль&shy;ға иелік етті.</p>

Құрама қоржынында жалғыз жүлде

Айтулы бәсекеде әлемнің 18 мемлеке­тінен келген 150 спортшы бақ сынады. Олардың арасында Олимпия ойындары, әлем чемпиона­ты және басқа да аса ірі халықаралық додаларда сан мәрте жеңіс тұғырына көтерілген саңлақтар да болды. Сондай мықтылармен үзеңгі қағыстырған Абзал Әжіғалиев 500 метрлік сайыста қола медальды иеленді. Қан­да­сымыз тек Олимпиада және бірнеше әлем чемпионы деген дардай атақтары бар канадалық Самуэль Жирар мен венгриялық Шаоанг Люден ғана қалып қойды. 

Өкінішке қарай, Нұрберген Жұмағазиев, Денис Никиша, Мерсаид Жақсыбаев, Ерке­бұ­лан Шамұханов, Әділ Ғалиахметов, Анас­­та­сия Крестова, Ольга Тихонова, Ким Йонг А, Әсел Тайшыманова, Анита На­гай және Яна Хан сынды жерлестеріміз жүл­дегерлер санатына қосыла алмады.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

Бөлісу:
Құрама қоржынында жалғыз жүлде · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар