Қазақстан
2 мин оқу 723

Гран-при иегері Диснейлендке барады

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазақстан&raquo; Орталық концерт залында Астананың 20 жыл&shy;дық мерейтойына арналған ұлттық &laquo;Бала дауысы&raquo; балалар ән байқауының үшінші мау&shy;&shy;сымының гала-концерті өт&shy;ті. Үшінші маусымның Гран-при&shy; жүлдесін жеңіп ал&shy;ған қос&shy;та&shy;найлық Болатхан Иса&shy;тай&shy;ға Қазақ ұлттық өнер уни&shy;&shy;вер&shy;си&shy;тетінің жанындағы маман&shy;дан&shy;&shy;дырылған өнер мек&shy;тебінде оқу гранты және Па&shy;риждегі Дис&shy;нейлендке жолдама табыс етілді.</p>

Гран-при иегері Диснейлендке барады

Байқау іріктеуіне 8 бен 12 жас аралығындағы 3 578 бала  қатысып, 19 финалист іріктеліп алынды. Қа­зақ­станның әр өңірінен келген­ ірік­теу жеңімпаздары «Бала дауы­­сы Ас­тана жүрегінде» кон­церт­тік бағдар­ла­масында вокалдық шебер­ліктерін көр­­сетті.  

Салтанатты марапаттау кешінде сөз сөйлеген қор құрылтайшысы Әлия Нұрсұлтанқызы өскелең ұр­пақ­ты отаншылдыққа тәрбиелеп, зият­­керлік және тұлғалық әлеуетін дамытуда маңызы зор жобаның қа­жеттілігі турасында сөз қозғады.

«Қазір материалды құндылықтар салтанат құрған заманда өмір сүріп жатырмыз. Сол себепті «Бала дауы­сы» сияқты өміршең жобалар ауа­дай қажет. Біз мұнда сұлулық пен­ қуаныш әлемімен қауышып, шынайы өнермен сусындаймыз. Төрт бала­ның анасы ретінде балаларым рухани құндылықты бәрінен жоғары қоятын ортада өмір сүрсе деймін. Ол әлемді жасайтын да өзіміз. Бар­лығын өзімізден бастауымыз керек. Мейірімді адамдардың қолынан ұлы істер келеді!», деді байқаудың идея авторы Әлия Нұр­сұл­танқызы. 

Телекөрермендер бір ай бойы ба­­ла­лардың өнерін тамашалап, өз­де­ріне ұнаған үміткерге дауыс бе­ре отырып, «Халық сүйіктісі» арна­йы иегері ретінде маңғыстаулық Диль­­наз Тілепованы лайық деп та­ны­ды. Байқаудың кәсіби ­қазылар алқасы құрамында Майра Мұ­ха­мед­қызы, Жеңіс Сейдоллаұлы, Ай­қын Төлепберген, Данияр Өте­ген, Жанар Дұғалова, Әсем Жакетае­ва және Серік Ибрагимов секілді танымал өнерпаздар төрелік етті. Шығысқазақстандық Мәулен Ах­ме­тқалиев, Алматыдан келген Те­мір­лан Осымқұл және солтүстік­қа­зақстандық Әмина Жапар алғашқы үш орынды өзара бөлісті. Барлық фи­налист «Бала дауысының» символы – «Ғажайып нота» жүлдесімен мара­патталып, естелік сыйлықтарды арқалап қайтты. 

Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қорының ұйымдастыруымен еліміздің дарынды балаларына ар­налған ауқымды жоба Мәдениет жә­н­­е спорт министрлігінің, Қазақ­стан Республикасы Тұңғыш Прези­ден­ті – Елбасы Қорының қолдауымен өт­ті. «Бала дауысының» төртінші мау­­­сымы 2019 жылдың наурыз айын­­да Қостанайда жалғасын табады.

Ая ӨМІРТАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Бөлісу:
Гран-при иегері Диснейлендке барады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар