Қазақстан
1 мин оқу 440

Дональд Трамп Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

<p style="text-align:justify">АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісінің бірінші орынбасары Элис Уэллс Қазақстан Тәуелсіздігі күніне орай АҚШ президенті Дональд Трамптың жолдаған құттықтауын жеткізді.</p>

Дональд Трамп Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары кезінде екі елдің басшылары қол жеткізген уағдаластықтарды іске асыру кезінде жеткен шынайы оң прогресс үшін қазақстандық тарапқа алғысымды білдіремін», - деді Элис Уэллс бүгін Астанада Қазақстан-Америка кеңейтілген стратегиялық серіктестік жөніндегі комиссияның кезектегі отырысына арналған брифингте.

Элис Уэллс атап өткендей, тараптар отырыс кезінде Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі екіжылдық мүшелігін, сондай-ақ мүшелік аясында Қазақстанның жүргізген саясатын талқылады.

«Сондай-ақ, сіздер алдағы күндері атап өтетін Тәуелсіздік күніне орай Трамп мырзаның құттықтауын жеткізгім келеді. Сіздерге мүмкін болған барлық қолдауды көрсетуге дайынбыз», - деді ол.

Бөлісу: