Руханият
2 мин оқу 480

«Русский силуэт» бәсекесінде жеңіске жетті

<p style="text-align: justify;">Биыл Айя мен Бота Қырғыз&shy;баевалардың жолы болып тұр. Сән әлеміне құ&shy;лағы түрік көпшілік біле&shy;ді, үстіміздегі жылы олар жас дизайнерлердің &laquo;New Generation. Open Way &ndash; 2018&raquo; байқауында жеңіс&shy;ке жетіп, тамаша киім үлгі&shy;лерімен жарқ етіп көрін&shy;ген еді. Қазан айында Алматыда өткен Сән апталығында қос бойжеткенге &laquo;Botaya&raquo; атты тырнақалды коллекциясы жеңіс әкелген-ді.&nbsp;</p>

«Русский силуэт» бәсекесінде жеңіске жетті

Міне, көп ұзамай-ақ Айя мен Бота Мәскеуде өткен «Русский силуэт» байқауының тарихында жеңіске жеткен алғашқы қазақ дизайнерлері атанды. Атал­мыш сайыстың «Шекарасыз бай­қау» бөлігінде дүниенің әр шал­­ғайындағы дарындар өз жұмыстарын бір ай бойы ашық онлайн-дауысқа салады. Жұрт­тан ең көп дауыс жинаған модельерлер жеңіске жетеді. 

Нәти­жесінде үздіктердің ішінен үзі­ліп шыққан дизайнерлеріміз бас­­қа қатысушылармен бірге Мәс­­­кеуде өткен жас дизайнер­лер­­дің «Русский силуэт» ХІІ Халық­аралық байқауында өзде­рінің 5 үлгіден тұратын топтамасын көрсетуге мүмкіндік алды. Ре­сей­дің барлық түкпірінен, айна­ладағы мемлекеттер мен Черногория, Қытай және Оңтүстік Кореядан келген 94 ісмер­мен бірге сән әлемінде салтанат құрған Қырғызбаевалардың қол­таңбасына 60-қа тарта қазылар алқасының қатарында Вячеслав Зайцев, Валентин Юдашкин, француз модельері Клод Бонуччи, Bosco di Ciliegi маркетинг директоры Илья Куснирович, Анас­тасия Задорина, Игорь Гуляев, Виктория Андреянова, Джемал Махмудов, Сергей Сысоев сынды мода мэтрлері баға берді. 

Айя мен Бота Қырғызбаевалар: «Біз бұл байқауда авангард сти­лінде, футуризм бағытындағы «Жаңбыр салған суреттер» топтамасын ұсындық. Киім үлгілерінде қиялдық конструкцияларға, аксессуарлар мен бас киімдерде таң­даныс тудырарлық пішіндерге басымдық бердік. Коллекция бояу­лары ақ, қара, сұр, қызыл түс­терден тұрады. Өз үлгілерімізді Қа­зақстанда шығарылатын «Evo» фабрикасы ұсынған аяқ киім­дерімен толықтырдық», дейді.

Қазақ қыздарының бұл бай­қаудан тапқан тағы бір табысы олар Мәскеудегі «R.E.D дүке­нінде өз коллекцияларын ұсыну» бақытына ие болды. 

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Бөлісу:
«Русский силуэт» бәсекесінде жеңіске жетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар