Жаңалықтар
1 мин оқу 460

«Elektrondy qyzmet ortalyģy» ашылды

<p style="text-align: justify;">Кеше &laquo;Азаматтарға арналған үкімет&raquo; мемлекеттік корпорациясы Астанада Қазақстандағы ең алғашқы &laquo;Elektrоndy qyzmet ortalyģyn&raquo; ашты. Озық технология&shy;лармен жасақталған заманауи халыққа қызмет көрсету&nbsp;орталығында азаматтар жасанды интеллект игілігін көріп, цифрлы сауаттылықтарын көтеріп, қызметтерді өз бетінше ала алады.<br /> </p>

«Elektrondy qyzmet ortalyģy» ашылды

Орталықтың ашылуына Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев, Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов қатысты. Орталықтың ашылу салтанатында мемлекеттік қызметтерді биометриялық деректер бойынша ұсыну жобасы іске қосылды. Бұл жобаға сәйкес енді фронт-офистер мен электронды үкімет порталында қызметтерді алу үшін төлқұжат пен электронды цифрлы қолтаңба қажет емес, азаматтардың саусақ таңбасы мен бет-әлпетінің скан-бейнесі болса жеткілікті.

Әзірше биометриялық деректерді Астана қаласында жаңадан ашылған «Elektrondy qyzmet ortalyǵynda» және Алматы қаласының Бостандық аудандық ХҚО-да тапсыруға болады. Орталықта операторлардың қызметін жасанды интеллект – виртуалды кеңесшілер атқарады. Кіре-берісте тұлғаны анықтайтын интеллектуалды бейнебақылау орнатылған. Егер орталыққа келген азаматтың базада биометриялық мәліметтері болмаса, оған тіркеліп, био-мәліметтерін қалдыруға ұсыныс жасалады.

I-sana атты виртуалдық кеңесші келушілерді қарсы алып, қажетті анықтамаларды қалай алу керектігін айтып, секторларға бағыттайды. Осы жерде «M-gov» мобильді қосымшасының мүмкіндіктерімен танысып, SIM картаға ЭЦҚ жазып алуға болады. Сондай-ақ жүргізуші куәлігін алуды мақсат еткен азаматтар маман­дан­дырылған ХҚО-дағы автодром нұсқасына сәйкес жасақталған аймақта «digital drive» жабдығының көмегімен алдын ала байқау сынағынан өтіп, автокөлік жүргізуге машықтана алады.

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»

Бөлісу:
«Elektrondy qyzmet ortalyģy» ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар