Жаңалықтар
2 мин оқу 500

Азаматтар құқығын қорғаудың өзекті мәселелерін көтерді

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның омбудсмені Асқар Шәкіров Жоғарғы сотпен ынтымақтастық туралы меморандум аясында сот тәжірибесін жинақтау тәртібінде оның Төрағасының атына қылмыстық процестегі адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері бойынша ақпарат жолдады.<br /> </p>

Азаматтар құқығын қорғаудың өзекті мәселелерін көтерді

Адам құқықтары жө­нін­дегі уәкіл атына соңғы 12 айда азаматтардың сот ше­шім­дерімен келіспеуі тура­лы 329 шағым-арызы келіп түсті, бұл тіркел­ген өтініш­тердің жалпы санының 26%-ын құрай­ды. 226 шағым сот ісін жүр­гізудің қылмыстық түрі­не, 91-і азаматтық, 12-сі әкім­шілік түріне тиесілі.

Шағым-арыздардың басым бөлігі Астана, Алматы қалаларынан, Қарағанды және Қостанай облыстарынан келіп түскен.

Тәжірибе көрсеткендей, азаматтарды қылмыстық қудалауға жөн­сіз тартудың негізгі себебі – сотқа дейін­гі іс жүргізу саты­сында заң­ды­­лық пен іс жүр­гізу норма­ларының бұ­зылуы. Атал­ған бұзу­шы­лық­тарға сот бақы­лауы өкі­­­лет­тігі берілген тергеу судья­­ларының уақтылы баға бермегені анық.

Арызданушылар өз хаттарында үкімнің негізіне, әдет­те, қылмыстық қуда­лау органының айыптау актісі алынатынын; сот ісі материалдарына тәуел­сіз сараптамалардың қоры­тын­дыларын, қорғау куәгер­лерінің айғақтарын қосу туралы өтінішхаттар қабыл­дан­байтындығын; тергеу барысында іс жүргізу бұзу­шылықтары назарға алынбайтынын; кінәнің жанама дәлелдемелеріне жол берілетіндігін жиі атап өтеді.

Жоғарыда аталғандар Бас прокуратура деректері­мен расталады, оған сәйкес 2018 жылы апелляциялық сатыда өзгертілген және жойылған сот актілерінің саны 1,5 есеге өсті. Прокура­тура органдарының нара­зы­лықтары бойынша кас­са­циялық саты 200-ден астам сотталған адамның жағ­да­йын жақсартты (оның ішінде 12 адам толық ақталды, 19-ы ішінара, қалғандарының жазаны өтеу мерзімі, ұстау режімі төмендетілді).

Осыған байланысты Жо­ғар­ғы соттың кеңейтілген кеңесінде 2017 жылғы жұ­мыс қорытындысы бойынша судьялардың алдында тараптардың сот ісін жүр­гізуде жарыспалылық қа­ғи­датын дамыту міндеті қо­йыл­ғандығы атап өтілді.

Сондай-ақ омбудсмен азаптаулар туралы жария еткен тұлғаларды қылмыс­тық жауапкершілікке тарту туралы қоғамда талқыға салынған мәселені қарауды ұсынып отыр. Көп жағдайда азаптаулар фактілерінің тиісті тергелуіне күмән­дан­ған жәбір­ленушіл­ер, жал­ған мәлі­мет жеткізгені үшін айып­талудан қорық­қан­дықтан, оларға қатысты жасалған қылмыс туралы жария етуден қауіптенеді.

Сондай-ақ шағым-арыз­­дарда алқабилер инс­ти­­ту­тының істің сотта қара­луын кеңейту, сот ісін жүр­гізудің қылмыстық-іс жүр­гізу нысаны мен алқа­би­лерге үміткерлердің сотқа де­йін­гі іріктеу процеду­ра­сын  жетілдіру  бөлі­гінде алқабилер институты дамуы­ның маңыздылығы тура­­лы айтылған. Алқаби­лер­дің тәуелсіздігін нығай­туға, сондай-ақ олардың судьялармен құқықтық қарым-қатынасын нормативтік жетілдіруге көңіл бөлінді.

Омбудсмен жоғарыда көр­сетілген мәселелер қазір­гі уақытта Парла­мент Мәжілісінде  қаралып жатқан «Қазақстан Респуб­ликасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі тура­лы» Қазақстан Республи­касының Конституциялық заңына өзгерістер мен то­лықтырулар енгізу туралы» заң жобасында көрініс табатынына  сенімін білдіреді.

«Егемен-ақпарат»

Бөлісу:
Азаматтар құқығын қорғаудың өзекті мәселелерін көтерді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар