Руханият
2 мин оқу 845

Бата бере білеміз бе?

<p style="text-align: justify;">Дана халқымызда &laquo;батамен&shy; ел көгерер, жаңбырмен жер кө&shy;герер&raquo; деген аталы сөз&shy; бар. Әрине, іс&shy;теген ісіңе, жағым&shy;ды қылығыңа орай аузы уәлі үлкендердің батасын алған бір ғанибет екендігі дау&shy;сыз. Алайд&shy;а сол батаны бере білетін адам көп пе?..<br /> </p>

Бата бере білеміз бе?

Ілкіден жалғасып келе жатқан ізет­­ті дәстүрдің сабақтастығына сәл сел­кеу түскенін де көріп жүрміз. Әсі­ресе жиын-тойда бата бергеннің жөні осы екен деп, ұзын-сонар әңгіме айтып кететіндер арагідік болса да кездеседі. Тіпті мазмұнсыз, мағынасыз сөз сөйлеп, соңында ескі дағдымен «алып қояйық» деп жаңылысқандарды да көргенбіз.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының бағыттарын іске асыру мақсатында облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен тұңғыш рет тартымды шара өтті. Бұл шара «Батамен ел көгерер» деп аталады. Та­ғылымды шараның ойдағыдай өтуіне атсалысқан облыстық ардагерлер ке­ңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл өз ойын былайша өрбітеді.

– Бала кезімізде еліміздің үлкендері қолғабыс еткен сайын ақ тілектерін ақ­тарып, бата беруші еді. Сол күні ісіміз оңға басқандай қанаттанып жүретінбіз. Сөз нарқын білетін нар тұлғалардың әзіз көкіректеріндегі жып-жылы сезім нұры жан дүниемізді шуаққа малып, үмітімізді ұштай түсетін. Хал­қымыздың осы бір қасиетті дәстүрі қай­та жаңғырып, мазмұны түрленіп жатса, нұр үстіне нұр емес пе?! – дейді ол.

Байқауға ел ағалары қатысты. Жа­­рым ырысқа баланған жақсы сөз, өмірдің әр сәтіне орай берілетін ақ ба­талардың түрі, үлгісі, маңызы, маз­мұны, әуезі мен мақамы таразы басына тартылды. Байқау соңында ба­тагөйлердің біліктілігі сарапқа са­лы­нып, жеңімпаздарға арнайы сый­лықтар тапсырылды. Сандықтау ауда­ны­нан келген ақсақал Жақсыбай Ахметов бас жүлдеге ие болса, Біржан сал ауданының ел ағасы Мырзабек Бұрмағанов бірінші орынға ие болды.

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Егемен Қазақстан»

Бөлісу:
Бата бере білеміз бе? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар