Қазақстан
1 мин оқу 571

15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

<p style="text-align: justify;">Батыс Қазақстандағы циклонға және атмосфералық фронттарға байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Кей жерлерде жауын-шашын түсіп, тек оңтүстік-шығыста күн ашық болады. Тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.</p>

15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.  Маңғыстау, Атырау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болуы мүмкін. Қостанай облысында жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Түркістан, Алматы облыстарында тұман күтіледі, күші 15-23 м/с дейін ызғырық жел тұрады. Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болуы ықтимал.    

Бөлісу:
15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар