Футбол
1 мин оқу 826

Месси тағы да «Алтын бутсы» иегері атанды

<p style="text-align:justify">Еуропаның спорттық басылымдарының қауымдастығы &laquo;Барселонаның&raquo; шабуылшысы Лионель Мессиге &laquo;Алтын бутсы&raquo; табыс етті, деп хабарлайды <a href="https://sport.inform.kz/ru/post/messi-v-rekordnyy-pyatyy-raz-poluchil-zolotuyu-butsu-i-oboshel-ronaldu">&laquo;SPORTINFORM&raquo;</a><a href="https://sport.inform.kz/ru/post/messi-v-rekordnyy-pyatyy-raz-poluchil-zolotuyu-butsu-i-oboshel-ronaldu">.</a></p>

Месси тағы да «Алтын бутсы» иегері атанды

Месси 2017/18 маусымындағы Еуропаның ең үздік бомбардиры атанды. Өткен маусымда аргентиналық футболшы Премьер-лиганың 36 матчында 34 гол соқты.

Аталмыш марапат үшін бақталаста ол мысырлық Мохамед Салахтың алдын орап кетті. М.Салах Премьер-лиганың 36 кездесуінде 32 рет гол салды.

Л.Мессиге «Алтын бутсы» бесінші рет табысталып отыр. Бұған дейін марапатты 2009/10, 2011/12, 2012/13 және 2016/17 маусымдарда алған болатын. Месси «Алтын бутсы» сыйлығын ең көп иеленген футболшы. Екінші орында - бүгінде «Ювентус» сапында ойнап жүрген Криштиану Роналду. Оның еншісінде 4 жүлде бар.

Бөлісу:
Месси тағы да «Алтын бутсы» иегері атанды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар