Қазақстан
1 мин оқу 360

Поэзия падишасына құрмет

<p style="text-align: justify;">Алматыда қазақтың аяулы ақын қызы, Мемлекеттік сыйлықтың лау&shy;реаты Фариза Оңғарсыноваға арналған ескерткіш тақта орнатылды. Мәрмәр тақта Шевченко мен Зенков көшелерінің қиылысындағы кезінде қаламгер тұрған үйдің қабырғасынан орын алған.&nbsp;</p>

Поэзия падишасына құрмет

Фариза ақын «Өлең сені аялап өтем» дейтін жыр әлеміндегі әйгілі концепциясын Алматыда жүріп өр­нектеді. Сондықтан да өршіл ақын­ды Алматымен байланыстыратын дүние көп-ақ. Қала әкімдігінің тікелей қолдауымен қойылған осынау мемориалды тақтаны бүгінгі ұрпақтың аға буынға көрсеткен құрметі деп түсінген жөн. Көзі тірісінде-ақ халқының махаббатына бөленіп, поэзия падишасы атанған аяулы ақынның сезімге толы сәулелі жырлары ойлы оқырманын жыр бесігінде тербетіп келеді. Қала әкі­мінің орынбасары Арман Қы­рықбаев ашып берген салтанатты рәсімде ақынның отты жырлары оқылып, қаламдас інілерінің жылы естеліктері айтылды.

– Бесігін Атыраудың ақ тол­қын­дары тербеген Фариза Оңғар­сынова Алматы­ға келіп өзінің өнер­мен, өлеңмен табысқан, халықтың ғұмыр­баянына кірген жаңа өмірін бастады. Оңғарсынованың атын аңызға айналдырған дастандары, ардақты туындыларының барлығы дерлік ару Алматыда кіндігін кесті. Бұл қала оның бүкіл жастық шағына, абыройын ас­қақтатқан сырлы сәттерге куә. Фариза өлең қыздар поэзиясы немесе ерлер поэзиясы деп бөлінбейтінін, мұнда тек ұлы дарындардың даңғылы болатынын дәлелдеп кеткен жан. Ұр­­паққа мұра болатын бұл игі істі бү­кіл қазақ жырына жасалған құрмет деп есептеймін, – дейді мемлекет және қоғам қайраткері, ақын Нұрлан Оразалин.

Арман ОКТЯБРЬ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Поэзия падишасына құрмет · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар