Жаңалықтар
1 мин оқу 344

Аралда Сoworking орталығы ашылды

<p style="caret-color: rgb(0, 0, 0); color: rgb(0, 0, 0); font-family: -webkit-standard; text-align: justify;">Арал ауданында &laquo;Нұр Отан&raquo; партиясының кітапханалар қызметін жаңғырту жобасы бойынша &quot;Сoworking&quot; орталығы ашылды.<br style="caret-color: rgb(0, 0, 0); color: rgb(0, 0, 0); font-family: -webkit-standard;" /> </p>

Аралда Сoworking орталығы ашылды

Білім орталығының ашылуына арнайы келген аудан әкімі Мұхтар Оразбаев:

- Бұл орталық жастарға өзін-өзі жетілдіру үшін мүмкіндік береді. Келушілер бос уақыттарын тиімді өткізеді. Көптеген қызықты іс-шараларға, акциялар, шығармашылық кездесулер, шеберлік сыныптары мен зияткерлік ойындарға қатысып, интернет қызметін пайдаланады. Алдағы уақытта орталықтың тиісті деңгейде жұмыс істеп, кітапсүйер қауымның бас қосар нағыз орталығына айналуына тілектеспін,-деді.

«Сoworking» орталығында төрт аймақ жұмыс істейді. Wi-Ғi аймағында кітапхана пайдаланушылары тегін интернетке қол жеткізіп, конференция алаңында түрлі дөңгелек үстелдер, ақпараттық үстелдер, кездесулер, семинарлар, шеберлік сыныптары өткізеді.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ.

Бөлісу: